Жыр жауһары
Жоба туралы
Қазақтың классик ақындарының шығармаларын интернет кеңістігінде үздіксіз насихаттау мақсатында І республикалық «Жыр жауһары» арнайы жобасын ұсынады. Арнайы жоба интернет байқау түрінде жүргізіледі.
Байқауға қатысу үшін мына шарттарды орындау керек:
1. Поэзия оқуларына қатысушылар төмендегі ұсынылған ақындардың өлеңдерін (қалаған ақынынан 1 өлең) өзі оқып, оған бейнеролик немесе аудио нұсқасын жасау арқылы қатыса алады.
2. Ұсынылатын ақындар:
- Абай Құнанбаев
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Сұлтанмахмұт Торайғыров
- Міржақып Дулатов
- Мағжан Жұмабаев
- Ілияс Жансүгіров
- Сәкен Сейфуллин
- Қасым Аманжолов
- Мұқағали Мақатаев
- Жұмекен Нәжмеденов
- Сағи Жиенбаев
- Төлеген Айбергенов
- Қадыр Мырза Әлі
- Тұманбай Молдағалиев
- Фариза Оңғарсынова
- Жұматай Жақыпбаев
- Әмірхан Балқыбек
3. Қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Интернет байқаудың қорытындысы бойынша әр ақынның үздік орындалған шығармалары бойынша жүлделі орындар тағайындалады.
Гран при – біреу ( жүлделі деп танылғандар арасынан)
- І орын – 1 (біреу)
- ІІ орын – 3 (үшеу)
- ІІІ орын – 5 (бесеу)
- Арнайы жүлделер – 5 (бесеу)
4. Ұсынылатын жұмыстар 2018 жылдың 20 қарашасына дейін қабылданады.
5. Ұсынылатын жұмыстарды «Әдебиет порталы» интернет-жобасына тіркеліп, «видео жүкте» тетігі арқылы жолдауға болады.
6. Видео жүктеу кезінде нақты қай оқуға қатысып жатқанын анықтау үшін арнайы хэштег арқылы ақынның аты көрсетілуі керек. Мысалы, #Абайоқулары #Мұқағалиоқулары
7. Байқау жеңімпаздарын арнайы құраммен белгіленген қазылар алқасы анықтайды.
8. Жеңімпаздарды марапаттау 2018 жылы желтоқсан айында Астана қаласында салтанатты түрде өтеді.
9. Қосымша сұрақтар үшін байланыс телефоны: +7 (7172) 79 82 12;
adebiportal.kz
Көп оқылғандар
31.07.2026
2077
29.07.2026
1757
31.07.2026
1619
29.07.2026
1348
29.07.2026
1232
31.07.2026
1178
29.07.2026
1096
31.07.2026
1081
29.07.2026
553
03.08.2026
495
01.08.2026
371
03.08.2026
355
03.08.2026
342
03.08.2026
71
23.07.2026
7353
07.07.2026
4675
13.07.2026
4058
27.07.2026
3921
17.07.2026
3143
27.07.2026
3086
21.07.2026
2903
15.07.2026
2754
09.07.2026
2289
13.07.2026
2275
31.07.2026
2077
15.07.2026
2043
23.07.2026
1914
14.07.2026
1865
16.07.2026
1849
