Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Арнайы жобалар
Аударма
Ғалымқайыр Мұтановтың өлеңдері

17.05.2016 4744

Ғалымқайыр Мұтановтың өлеңдері

Негізгі тіл: Ғалымқайыр Мұтановтың өлеңдері

Бастапқы авторы: Ғалымқайыр Мұтанов

Аударма авторы: Низами Зөхраби

Дата: 17.05.2016




şiir. өлең.jpg
                                                      


ЗАМАНА


Тозар уақытпен барлық зат,

Жаңарар бірақ,

Басқа затпен алмасып.

Тозар уақытпен адамзат,

Жасар бірақ,

Ұрпағымен жалғасып.

Заманның әр кезеңі –

Әр буынның кезегі.

Алдыңғылардың орнына,

Жаңа ұрпақ келеді.

Жүріп жатыр бұл үрдіс,

Мынау дүние фәниде.

Дүниеде – болған қоныс,

Тұрғындары өзгеруде.

Өзгеруде барлығы,

Кезекпенен алмасып.

Кетерсің сен де бір күні,

Бұл дүниемен қоштасып.




ҚЫЗ ЖОЛЫ


Жасыра алмайтын сезім барын,

Білдіреді, әлсін-әлсін қарағаның.

Сезімінен сенің, айналдым мен,

Сезімге сондай, лайықсың сен.

Түсінемін, білем бәрін.

Көзіңнен не айтпағын.

Оңай емес, аттап өту,

Айтқандай елің,

Жіңішке де, ауыр,

Қыздың жолын.




ИТ ҮРЕДІ

Керуен көшеді,

Ит үреді.

Көш жылжиды әрі,

Тым ұзақ барар жері.

Үрді деп ит,

Кетпейді кері.

Иттің бар тілегі,

Естісін деп иесі.

Болып оған дәмесі,

Өршелене түседі.

Керуен әрі жүреді,

Өз бағытын біледі.

Ит қанша үргенмен,

Барады өз жолымен.

Көш өткенше,

Көзден кеткенше,

Біткенше демі,

Ит үреді...

***

Жұрт итке күледі.



Көп оқылғандар