Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

02.08.2017 3142

Киелім деп...

Негізгі тіл: Киелім деп...

Бастапқы авторы: А.Кольцов

Аударма авторы: Гулнар Умирбек

Дата: 02.08.2017

 А.В.Кольцов

« Киелім» деп әруаққа бас ұрдым,

Сақташы деп қатал тағдыр кәрінен.

Дауылдардан – жауындардан жасырғын,

Сақта мені талайымның бәрінен.

Пендем ғой деп, түкке алғысыз мүсәпір,

Рухың жебеп , себер сенім сәулесін?

Сабыр берші, төзімдердің күші артып,

Тәрк етермін жалған дүние әуресін..

Мүсіркемедің! Мінажатты күйінген,

Құйындатып түн түнегі талады.

Тозақ жалған... енді түкке сүйінбен,

Жоғалды үнсіз жан тілеуі жаралы.

Жоқшылықта сөнем бе әлде осылай,

Тойынбадым, артты өмір тек азабын?

Арманыма тілегім кеп қосылмай,

Қанып жұтпай көктем демін, ғажабын.

Көп оқылғандар