Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Арнайы жобалар
Аударма
«ТОҒЫЗҒА ДЕЙІН ОН» таңдамалы жыр жинағынан

20.10.2017 3445

«ТОҒЫЗҒА ДЕЙІН ОН» таңдамалы жыр жинағынан

Негізгі тіл: Dokuza Kadar On

Бастапқы авторы: Өзтемір Асаф

Аударма авторы: Файзулла Төлтай

Дата: 20.10.2017

МЕН ЕМЕС ЕДІМ

 

Сол кеште терезеден ауыр-ауыр жолдарға түскен

қаранғылыққа қарап тұрдың.

Үйіңнің алдынан маған ұқсайтын біреу өтті.

Ал жүрегің алқымға тығылып, соғысы жиілеп кетті...

Ол өткен мен емес едім.

 

Сол түні жалғыздық құшағында ұйықтап жаттың...

Мылқау дүние мазаңды алды, бәлкім.

Оянып кеттің.

Түстердің  әлемінен оралып  көзіңді ашқан сәтте

және қараңғылыққа оранған бөлмеңде

сені көрген мен емес едім.

 

Мен ол уақытта өте алыста болатынмын.

Көздерің жаспен қауышып, себепсіз жылап жатты.

Енді мені ойлауды бастаған күні

махаббат ішіне өмір сүру үшін өзіңді тастағаныңды

білген мен емес едім.

 

Ал сен мыңдаған ойларға қамалып, кітап оқыдың.

Адамдар бір-бірін сүйіп немесе бақиға аттанып жатты

романның ішінде бозбала көз жұмған сәтте

қорықтың, еңкілдеп жыладың...

ол өлген мен емес едім, әттең.

 

EGO

 

Соңғы көзе ішіліпті,

Соңғы сөзі естіліп.

Қоршап алды бір ой ғана барлығын...

 

Бір естелік,

Бір құмарлық,

Бір қызғанушылық,

Бір қателік,

Бір жақындық,

Бір ағаттық,

Бір өшпенділік,

Бір үміт,       

 

Бір ғана нәрсе...

Адамға тиісті.

 

ТОҒЫЗҒА ДЕЙІН ОН

 

Алдымен барығын жаздым, сыздым барлығын сосын.

Қара бір сурет шықты, жазған-сыздарымнан тосын.

Көз салсам, ол жерде бір-бір ұнатқандарым.

 

Артымнан қарайды, жазып сызғандарыма кенет

Ол мен жазғанда немесе сызғанда білмеген екен....

Білмей жазғандарым, білмей сызғандарым.

 

Жазып сызғандарым, соңында мені де сызды.

Жоғалып-жоғалтқандарым  дәл қазір маған күлді...

Сызылып бітпеген, жазылып бітпеген білімдерім.

 

Ах «біліп жасағандарым, білмей жасағандарым»

 

УЛЬТРА

 

Бір сөзге

мың мағына жүктеген уақытта

саған дауысым естілетін болады.

 

ҚҰРМЕТ

Олар саған сұлусың дейді;

Сұлу болма.

 

ПЕРСПЕКТИВ

 

 Мен сенің ішіңе кірген уақытта

Сыртымда қаласың.

Сыртыңнан саған қараған уақытта

Ішіме сыймайсың.

 

MYTHE (Миф франз.)

 

Енді мені ешкім жалғыз қалдыра алмайды.

 

MI

 

Мені қалайсың.

Бақшамды суғарсыншы, -деп.

 

Сосын ол күлтелерінің біразы мен...

Сосын ол гүлдерінің біразы мен...

Сосын ол жемістерінің біразы мен...

 

және талтүстің ыстығында

Жапырақтардың көлеңкесінде

ыңылдап ән салып отырған Сен.

 

МЕН ЕКЕНМІН

 

Маған жақын келдің деді

Сүйді.

Маған жақын келдің деді

Атты.

Есімдерін сұрап ем кенет:

Адам, -деп, жатты...

 

ЖАЛҒАН

 

Әуелі жалған сөйлемеуді үйрендім.

Сосын жалған сөйлемеуді үйрендім.

Сыртымда не болып жатса да,

Ішімде не болып жатса да,

Сөйлемеуді үйрендім.

 

НҮКТЕ

 

Маған Жалғандық сөйлесе қанағат тұтар ем,

Бірақ жалған сөйледі.

 

ЛАВИНИЯ

 

Саған кетпе демейтін боламын мен

Жаурайсың жекетім ал.

Бұл күннің ең сұлу сағаты осы.

Жанымда қал.

 

Саған кетпе демейтін боламын мен.

Әйтсе де сен білерсің...

Жалғандық қаласаң  жалған сөйлейін,

Өкпелеп жүрерсің.

 

Саған кетпе демейтін боламын мен.

Бірақ кетпе, Лавиния.

Есіміңді жасырып қоямын мен

Сен оны білме, Ливиния.

 

SADAA (Мәңгі хинди.)

 

Бүгін ең ұзақ күн, түн.

 

БІЛСЕ ЕГЕР

 

Бір өлең бір түнге лайықты қалай да.

Бір өлең бір ұйқыға лайықта қалай да.

Бір өлең бір оянуға лайықты қалай да.

Бір өлең бір шылымға лайықты қалай да.

Бір өлең бір ракыға лайықты қалай да.

Бір өлең бір әуенге лайықты қалай да.

Бір өлең бір термеге лайықты қалай да.

Бір өлең бір қайғыға лайықты қалай да.

Алайда...

 

 ANDANTE

 

«Басқаларының наны ащы, басқаларының баспалдақтарымен шығу қажытады»

Данте

 

Мен жыртқыш ем -, деп айтайық/

Аттыңыз.

Ең әуелі сіз жараландыңыз,

сосын мен жараландым.

Мен орнымнан тұрғанда, тұрдыңыз.

 

Суық-тұғын, үсігенге шақ қалдым.

Кіл жарамды таңдыңыз.

Бір теңізге батып бара жатқанда

сіз құтқарып алдыңыз.

 

Мен аш едім, -деп айтайық/

Сізден тоқаш қаладым-ау екі есе.

Я мен не айтуды білмедім.

Сіз тоқаштан қорықтыңыз, немесе.

 

 

 

 

Көп оқылғандар