Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

09.02.2018 3639

Қайықшы

Негізгі тіл: Паромщик

Бастапқы авторы: А.Пугачева

Аударма авторы: М.Кәрібай

Дата: 09.02.2018

 

Упала ранняя звезда, в полях прохлада,

Плывет паром, поет вода о чем-то рядом.

И там, где светится река у тихой рощи

Соединяет берега седой паромщик.

 

Разлук так много на земле и разных судеб,

Надежду дарит на заре паромщик людям,

То берег левый нужен им, то берег правый,

Влюбленных много, он один у переправы.

 

Струится время без конца у тихой рощи,

Венчает юные сердца седой паромщик,

Но нас с тобой соединить паром не в силах,

Нам никогда не повторить того, что было.

 

Разлук так много на земле и разных судеб,

Надежду дарит на заре паромщик людям,

То берег левый нужен им, то берег правый,

Влюбленных много, он один у переправы.

 

Упала ранняя звезда, в полях прохлада,

Плывет паром, поет вода о чем-то рядом.

 

Разлук так много на земле и разных судеб,

Надежду дарит на заре паромщик людям,

То берег левый нужен им, то берег правый,

Влюбленных много, он один,

Влюбленных много, он один у переправы,

Влюбленных много, он один у переправы.

Таңғы жұлдыз аққанда, дала жатар салқындап,

Қайық баяу жүзеді, су күледі сылқылдап.

Тынық орман тұсынан көрінер өзен жалындап

Жағаларды жалғайды қарт қайықшы  жанын сап.

 

Тағдырлар көп адасқан, табысуды аңсайтын,

Қарт қайықшы – соңғы үміт, тілектерді жалғайтын,

Жағаларға кезектеп, ғашықтар өтер дамылсыз,

Жалғыз қайық безектеп, таси берер амалсыз. 

 

Тынық тоғай жанында уақыт үнсіз ағады,

Қарт қайықшы тоқтаусыз қосқанымен жағаны,

Екеумізді тек қана табыстыра алмайды,

Өткенде жоқ бір белгі, өткелде із қалмайды.

 

Тағдырлар көп адасқан, табысуды аңсайтын,

Қарт қайықшы – соңғы үміт, тілектерді жалғайтын,

Жағаларға кезектеп, ғашықтар өтер дамылсыз,

Жалғыз қайық безектеп, таси берер амалсыз. 

 

Таңғы жұлдыз аққанда, дала жатар салқындап,

Қайық баяу жүзеді, су күледі сылқылдап.


Тағдырлар көп адасқан, табысуды аңсайтын,

Қарт қайықшы – соңғы үміт, тілектерді жалғайтын,

Қос жағаға кезектеп, ғашықтар өтер дамылсыз,

Жалғыз қайық безектеп, таси берер амалсыз 

Жалғыз қайық безектеп, таси берер амалсыз 

Жалғыз қайық безектеп, таси берер амалсыз 

Көп оқылғандар