|
Мне влюбиться слишком рано, А быть может, слишком поздно - Никому не верю я как прежде. Море счастья обмелело, И река любви замерзло, Но осталось озеро надежды.
Припев:
Озеро надежды, все как есть прими. Пусть никто не понял, Ты меня поими. Озеро надежды, имя назови И скажи, куда мне дется От моей любви.
Блестит зеркало в прихожей, На гитаре лопнут струны. Я надену белые одежды, За собой захлопну двери. И однажды в полнолуние Я приду на озеро надежды
Ты прости меня, мой ангел, Что хранил меня напрасно Не могу я быть такой как прежде. Скину белые одежды, И войду в живую воду Озера несбывшейся надежы.
|
Ерте аштым ба, махаббаттың есігін Күдер үзіп, бәлкім, мүлде кешіктім Жараланған жанымды кім ұғады? Тартылды бақыт теңізі, Өзені құрғап сезімнің Мендегі бары – үміттің ғана бұлағы.
Қайырмасы:
Күйдірген тұла бойымды, Жалынды қалай басармын. Өзгеге жұмбақ сырымды Өзіңе ғана ашармын. Тыңдаймын бұлақ үніңді, Есімін оның атарсың. Жасырғанмен мұңымды Сезімнен қайда қашарсың.
Шашыраған айнадан сәуледейін Домбырамның ішегі дірілдейді. Жарасады ақ көйлек кеудемдегі, Жапқан есік дыбысы білінбейді. Ай толғанда келермін бір кездері, Ақ бұлағым, жүрегім сені іздейді
Кешір мені, періштем маңдайдағы Сақтадың ба, күнәһарды бекерге. Бұрынғыдай өзгермеу, қайда маған Ақ көйлекті мәжбүрмін-ау шешерге. Ақталмаған үмітімдей бұлақтың Дамылдармын суық суын кешем де.
|
09.02.2018
3837
Негізгі тіл: Озеро надежды
Бастапқы авторы: А.Пугачева
Аударма авторы: М.Кәрібай (А.Пугачева «Озеро надежды» әні өлеңінің аудармасы)
Дата: 09.02.2018
Көп оқылғандар
17.11.2026
2849
17.11.2026
2390
18.11.2026
2289
18.11.2026
2285
15.11.2026
2140
18.11.2026
1420
17.11.2026
1107
18.11.2026
1068
16.11.2026
988
16.11.2026
935
17.11.2026
877
17.11.2026
793
18.11.2026
679
20.11.2026
619
16.11.2026
598
03.11.2026
5124
28.10.2026
4896
12.11.2026
4737
13.11.2026
4489
04.11.2026
4349
14.11.2026
4152
12.11.2026
3878
28.10.2026
3716
06.11.2026
3280
17.11.2026
2849
11.11.2026
2428
17.11.2026
2390
12.11.2026
2336
18.11.2026
2289
18.11.2026
2285
