Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Арнайы жобалар
Аударма
«Батыс майданда өзгеріс жоқ»

23.12.2015 3808

«Батыс майданда өзгеріс жоқ»

Негізгі тіл: Im Westen nichts Neues

Бастапқы авторы: Эрих Мария Ремарк

Аударма авторы: Майра Фазыл

Дата: 23.12.2015


«Батыс майданда өзгеріс жоқ» ( нем. Im Westen nichts Neues — «На Западном фронте без перемен») — Эрих Мария Ремарктің 1929 жылы жарық көрген атақты романы.Алғы сөзінде автор: «Бұл кітап айыптау да, ағынан жарылу да болып табылмайды. Бұл соғыс жалмаған ұрпақ жайлы, оқтан құтылса да құрбан болғандар жайлы айтуға талпыныс». Антиәскери романда жас сарбаз Пауль Боймер мен оның майдандас жолдастарының Бірінші Дүниежүзілік соғыста көрген, бастан кешкен жәйттері баяндалады. Ремарк жастардың соғыстан алған рухани жараларын суреттеу үшін «жоғалған ұрпақ» түсінігін пайдаланғандықтан Германиядағы соғыс пен оның сарбаздарын ақтауға тырысқан әскери әдебиетке толығымен қарсы керітартпа шығармаға айналды.Пауль Боймлер – романның басты кейіпкері, он тоғыз жасар оқушы өз сыныптастарымен бірге жалпы патриоттық екпін мен соғысқұмарлық насихаттың әсерімен соғысқа (1914-1918) өз еркімен аттанады. Бірақ бірнеше апта сарбаздық мұқалуға, мылтықпен және қадаммен әскери жаттығуға үйрену жасөспірімнің көз алдында «отанның классикалық үлгісін» сейілтті. Жас сарбаз алғы шепке енді барлық иллюзиясынан толықтай айығып барады. Кейіпкердің ары қарайғы жолы майдан тозағының шеңбері бойынша соғыстың адамзатқа қарсы жаңа сұмдық оқиғаларымен жалғаса береді.Баяндама бірінші жақпен жүргізіліп және күнтізбенің болмауына қарамастан майдан күнделігін еске түсіреді. Пауль Боймлер өзі қатысқан майдан оқиғаларын суреттеулер бейбітшілік күндердегі естеліктер мен соғыс тудырған зұлымдықтар, әділетсіздік жайлы ащы ойлармен алмасып отырады. Немістің қарапайым, тәрбиелі, ауылдық отбасынан шыққан жас жігітті окоптағы шынайы суреттелген өмір шошытады. Бірақ соғыс ешкімді аямақ емес, керісінше сынақ рухты шыңдайды. Әрбір болған оқиғадан кейіпкер адамның қымбатты қасиетті табады. Пауль Боймлердің өзі айналасына ғұрыпты көзқараспен қарап, соғыс шырғалаңында қаншалықты қиын болса да мейірімділік заңына бағынады. Сыныптас жолдастарының ауыр жараланып, бірінен соң бірі майдан даласында сұмдық қазамен өліп жатса да оларға көмектесуге ұмтылып тұруы және оның анасына жеңіл өлім құшқаны жайлы ант ішіп өтірік айтуы, аштықтан әлсіреген орыс тұтқындарына жау ретінде емес, адамдардың сәулесіз өмірі мен қатігездігінің нәтижесі деп қарауы парасаттылық пен тазалықты, тіпті лиризмді көрсетеді.Романның маңызды көрінісі Паульдің өлгелі жатқан француз сарбазының қасында өткізген минуттары, фотографиядағы әйелі мен баласына қарап отырып, адам айтқысыз өкініші мен мұңын айтып, ары қарай өмірін өз құрбандығының отбасына көмектесуге арнауға уәде береді. Кезекті уақытша демалыспен үйіне оралуы, тіпті шешесінің айықпас дерті кейіпкердің ой-санасы мен сезімдерін соғыстан басқа мәселелерге бұра алмады, өйткені от пен оқтың арасында көндіккен сарбаз үшін тылдағы өмір майдан даласы мен майдандас достарының алдында әлдебір сатқындықтың белгісі болып көрінеді. Қанды айқаста келесі бір қымбатты жолдасынан айрылып, өзі жарақатпен ауруханаға түсіп, одан майдан шебіне оралғаннан кейін-ақ Пауль Боймлер өзінің өмірінің бітуінің жақын қалғанын сезе бастағандай, өйткені ол соғысқа аттанған сыныптастарының соңғысы болатын. Барлығы жақын арада болатын татуластық жайлы айтады. Бірақ романның соңғы абзацында қысқаша ғана 1918 жылдың ақпанында шабуылсыз күні «...Батыс майданда өзгеріс жоқ» деп әскери хабарлама тараған сәтте кейіпкер атып өлтіріледі. Өзгеріссіз – тек өмірден құнсыз бір қыршын кетті. Жазушының бұл соңғы қорытындысы ағынан жарыла айтылған солдатқа жаңа, трагикалық сәулемен әр береді.

Көп оқылғандар