Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

23.12.2015 3162

Үндістер тұрағы

Негізгі тіл: Индейский поселок

Бастапқы авторы: Э.Хэмингуэй

Аударма авторы: Салауат Кәрім

Дата: 23.12.2015

               Э.Хемингуэй   Үндістер тұрағы                          

Түпнұсқада аталуы: Индейский  поселок

Түпнұсқа авторы: Э. Хэмингуэй

Аударма авторы: Салауат Кәрім
Жарияланым уақыты:
2015 жылғы қараша 

  Э.Хемингуэй  Үндістер тұрағы   Көл жағаcына бөтен қайық байланған, жанында күтіп екі үндіс тұр.    Ник әкесі екеуі қайықтың артқы жағына барып отырды, үндістер қайықты суға итермелеп, біреуі ескекті алып, есе бастады. Джордж ағай басқа қайықтың артына барып жайғасты. Жасырақ үндіс болса қайықты суға итеріп, олда есе бастады.    Қараңғыда екі қайықта жағадан қозғалып жүзіп кетті. Никке алдарында жүзіп бара жатқан қайықтың суды ескен сықыры алыстан, тұман ішінен естілді. Үндістер қайықты  қысқа, бірақ тездетіп есті. Ник әкесіне басын  қисайnып еді, ол ұлын құшақтап, бауырына қысты. Көл салқын болатын. Үндістер бар күшін салып ескенмен екінші қайық тұман ішінде оларға жеткізбеді. -  Папа, біз қайда бара жатырмыз? –деп сұрады Ник. -    Арғы бетке, үндістер тұрағына. Ол жерде үндіс әйелі қатты ауырып жатыр. -   А....  – деді Ник. Олар жеткенде алдарында ескен қайық жағалауда болатын. Джордж ағай қараңғыда сигарасын түтіндетіп тұрды. Жас үндіс олардың қайығын құм жағалауға сүйреп шықты. Джордж ағай  екі үндіске сигарадан ұсынды. Олар жағалаудан шалғын шөп арасынан өтіп, таңғы шыққа суланып,  далаға шықты, жасырақ үндіс қолында ұстаған шаммен жол көрсетіп алда жүрді. Одан соң орманға кіріп, соқпақ ізбен алыс дөңге апаратын жолға шықты.   Жол жарық болатын, өйткені екі жақтан ағаштары кесіліп тасталған. Жас үндіс тоқтап қолындағы шамын сөндірді, әрменқарай жолмен алға тартты. Бұрылыста оларға қарсы иттер үріп шықты. Олардың алдында  ағаш қабығын теруші - үндістердің лашық үйлерінің оттары көрінді. Оларға тағы  бірнеше ит арсылдап ұмтылды. Үндістер иттерді лашықтарға қуып жіберді. Жақын орналасқан лашықтан  жарық  көрінді. Есік алдында шам ұстап кемпір тұр. Ішінде ағаш сәкіде әйел үндіс жатыр. Ол үш тәулік бойы туалмай қиналып жатты. Үндістер тұрағының  кемпірлері оның маңында жиналып қалған. Ерлер алысырақ жерде; олар әйелдің даусы естілмейтін жол үстінде отырып шылым шегуде. Баракқа екі үндіс, әкесі мен Джордж ағайына бірге ілесіп Ник кірген бойда әйел тағы да айқайлай бастады. Әйелдің көрпе астынан төмпешік іші көрініп, төменгі сәкіде жатыр. Басы ірге жарға бұрылған. Үстіңгі сәкіде әйелдің күйеуі жатыр. Ол үш күн бұрын ыңғайсызда балтамен аяғын жаралап алды. Трубкасын сорып, темекі тартып жатты. Лашық сасып тұр.     Никтің әкесі ошаққа су қайнатуды тапсырып, қайнағанша Никпен сөйлесті. –  Ник, көріп тұрсыңба, бұл әйел бала тууы керек.  Мен білемін, деп  Ник болмады. Сен ештеңеде  білмейсің.  – Тыңда, бұл әйел қазір толғатып жатыр, бала сыртқа шыққысы келеді, әйел туғысы келеді. Әйел барлық күшімен баланың босануына көмектесуі керек, сол үшін ол күштеніп айқайлайды. –  Түсінемін, – дейді Ник. Осы кезде әйел тағы да айқайлады. – Әу, папа, – сен ол айқайламас үшін бірдеңе бере алмайсың ба? – Менде қазір ауыртқызбайтын дәрі жоқ, мен үшін оның шыңғырғаны маңызды емес, бәрібір мен оның айқайын естімеймін. Лашық ішінде үстіңгі сәкіде жатқан күйеуі ыңырсып  іргеге бұрылды. Кухнядағы басқа әйел болса дәрігерге судың қайнағанын айтты. Никтің әкесі кухняға кіріп үлкен қазанда қайнаған судың жартсын ыдысқа құйып алды, өзімен бірге  ормалына орап алып келген құралдарды қазанға салды. – Мыналар қайнасын, – деп, ол қолын ыдысқа салып, лагерден өзімен бірге алып келген сабынмен қолын ысқылай бастады. Ник әкесінің сабынмен қолдарын кезекпе кезек ысқылап  жуғанын мұқият қарап тұрды. Қолын жуып тұрып, әкесі Никпен сөйлесті. – Ник, бала шығар алдында бірінші басымен шығуы керек, кейде бұлай бола бермейді. Бұлай болмаған жағдайда көп қиыншылық туғызады. Мұндайда операция жасаудың  қажетіде  болуы мүмкін. Қазір көрерміз. Ол қолының таза болғанына көз жеткізген соң, қайтадан бөлмеге кіріп жұмысына кірісті. –   Джордж, көрпені қайыршы,  – мен көрпеге тимейін. Артынан операция басталғанда Джордж ағай мен үш үндіс әйелді  ұстап тұрды. Әйел Джордж ағайдың қолынан тістепте алды, ол: «Ах, қаншықтың қызы!» деп айқайлап жіберді, оны алып келген жас үндіс оған күліп қарады. Ник болса ыдысты ұстап тұрды. Бұның бәрі ұзаққа созылды.  Никтің әкесі баланы қағып алып, ауа жұтып, тыныс алуы үшін салып жіберді, содан соң кемпірге берді. – Қара Ник, ұл бала. Қалай менің ассистентім болған саған ұнай ма? – Болады, – деді Ник. Ол әкесінің істеп жатқанын көрмес үшін басқа жаққа қарап тұрды. –  Сонымен бәрін болдық, – деп әкесі бірдеңелерді ыдысқа лақтырды. Ник болса жалт бұрылып қарады. Енді тігу қалды, –  деді әкесі. Ник сенің қарауыңа болады, қарағың келмесе өзің біл. Мен қазір кесілген жерді тіге бастаймын.    Ник әкесінің қалай тігіп жатқанына қарамады, оның бұрынғы көрсем деген құмарлығы жоғалған болатын. Әкесі тігіп болып, еңсесін көтерді. Джордж ағасы мен үндістер орындарынан көтерілді. Ник ыдысты кухняға апарды.     Джордж ағай өзінің қолдарына қарады. Жас үндіс оған тағы  күліп қарады.  Джордж, келші қолыңды қышқыл араласқан сумен жуайын, – деді дәрігер. Ол еңкейіп әйелге қарады. Ол  үнсіз, көзін жұмып, нашар жатты. Ол баласына не болғанын, айналада не болып жатқанын әлі түсіне қойған жоқ. – Мен ертең келемін, – деді дәрігер – ал Сент- Игнестен келетін күтуші әйел мында түске дейін болады, керектілерді өзімен бірге алып келеді. Сәтті ойыннан кейінгі футболшы қуанышындай оның  көңілі көтеріліп, көп сөйледі. – Міне оқиға, Джордж, бұл туралы медициналық журналға жазуға тұраралық деп ойлаймын, жиналмалы пышақпен іштен баланы кесіп алып, кесікті тоғызфуттық кендір жіппен тігу дегенің оқиға емес пе? Джордж ағай іргеге сүйеніп, қолдарын қарап тұрды. –   Сен біздің әйгілі хирургсің,  - деді ол. – Бақытты әкені бір көрейікші. Отбасындағы шағын машақаттар ол байғұстарға қиын түседі, – Шынын айтсам, ол шыдамдылық көрсетті. Әкесі үндістің басынан көрпесін көтеріп тастады. Қолы дымқылға тиді. Ол төменгі сәкіге аяғын тіреп, шамын жоғары көтеріп үстіңгі сәкіге көз жіберді. Үндіс іргеге тіреліп жатты. Оның мойны құлағына дейін кесілген. Денесінің  салмағымен сәкінің майысқан жерінде  қан жиналып шалшыққа айналған. Оның басы сол қолына қисайған, ашық ұстара көтеріңкі қырымен көрпе үстінде жатты. –  Джордж, Никті алып кет, – деп айқайлап жіберді дәрігер. Бірақ кеш болатын Ник бәрін көріп тұрды. Ник кухня есігінен үндіс жатқан жоғары сәкіні, әкесінің шамды ұстап тұрып үндістің басын қолымен бұрғанында көрді, әкесінің Ник көрмесін деген ишаратында жақсы түсінді. Олар көлге кері қайтып келе жатқанда күн шыға бастады. – Ник, өзіммен бірге сені алып шыққанымды ешқашанда кешірмеймін.... Оның осыдан бұрынғы көңіл күйі түсіп:  – Осылай болады деп кім ойлаған,- деп аяқтады. Әйелдер бала тапқанда осылай үнемі қинала ма?деп сұрады Ник. Жоқ. Бұл мүлдем ерекше жағдай. Папа, неге ол өзін өлтірді? – Ник, білмеймін. Шыдай алмаған шығар. – Еркектер өздерін жиі өлтіре ме? – Жоқ, Ник. Жиі емес. – Ал әйелдер? – Оданда жиі. Ешқашанда? Кейде болып қалады. – Папа! Иә? –  Джордж ағай қайда кетті?  Ол қазір келеді.  Папа, өлу қиын ба?  Жоқ. Ник, қиын емес. Бәрі жағдайға байланысты. Олар қайық үстінде отырды. Ник – артында, әкесі - ескекте. Күн дөң астынан шыға бастады. Балықтар суда секіріп, суда өрістер толқи бастады. Ник қолын суға салды. Тәңертеңгілік салқында су жылы еді. Көл үстіндегі тәңертегілік осы сәтте қайықты есіп отырған әкесінің қасында Ник өзінің ешқашанда өлмейтініне әбден сенімді еді.      Эрнест Хемингуэй. Үндістер тұрағы. 1925 жыл.       Орыс тілінен аударған Салауат Кәрім

 

Көп оқылғандар