Жақан Сыздықов
Жақан Сыздықов (1901–1977). Ақын, аудармашы Жақан Сыздықов 1901 жылы 10 мамырда бұрынғы Көкшетау облысы, Чкалов ауданы, Аймақ ауылдық кеңесінде туған. 10 жасында ауыл молдасынан оқып сауатын ашқан. Петропавл қаласында ауылдық мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. 1919–1921 жж. қазақ мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1922–1924 жж. Көкшетау уездік азық-түлік комиссары болып істеп, 1926 жылдан бастап баспасөз жұмысына ауысқан. Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінің жауапты хатшысы, редактордың орынбасары, «Қызыл Түркістан», «Оңтүстік Қазақстан», «Сталин жолы» газеттерінің жауапты хатшысы болған. Кейін Қазақ мемлекеттік баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында, республикалық Радио комитетінде қызмет істеген. 1928 жылы «Еңбек жемістері» атты алғашқы өлеңдер жинағы, 1929 жылы «Найзағай», 1930 жылы «Толқын», 1931 жылы «Қызғалдақ», 1932 жылы «Табыс» және «Жартас», т.б. өлең жинақтары жарыққа шықты. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері майдандық газеттерде жиі басылып тұрды. «Қос қыран» поэмасы 1948 жылы жарияланды.
Л.Н.Толстойдың «Арылу» романын, татар классигі Тоқайдың өлеңдері мен поэмаларының бір томдығын қазақ тіліне аударды.
КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.
Шығармалары: Қос қыран. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1948; Алтын қалам. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1949; Таңдамалы өлеңдер мен дастандары. А., «Жаңа өмір» журн. басп., 1949; Майкөл тамы. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1950; Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1951; Асулар. Өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1968; Таңдамалы. Бір томдық. А., «Жазушы», 1971.
Көп оқылғандар
04.11.2026
4049
06.11.2026
2627
06.11.2026
1834
07.11.2026
1440
09.11.2026
1393
06.11.2026
1187
05.11.2026
1124
04.11.2026
1102
05.11.2026
1090
09.11.2026
1017
05.11.2026
943
06.11.2026
905
09.11.2026
890
05.11.2026
878
07.11.2026
773
21.10.2026
4607
22.10.2026
4437
28.10.2026
4420
20.10.2026
4074
04.11.2026
4049
03.11.2026
3630
15.10.2026
3331
28.10.2026
3209
20.10.2026
3110
16.10.2026
2730
06.11.2026
2627
15.10.2026
2313
22.10.2026
2047
14.10.2026
2002
