Шортанбай шығармалары
Мəделі Жүсіпқожаұлының тепсінген қайратты да өжет өлендері батыр лы ғынан белгі берсе, əлеуметтік теңдік үшін жанын шүберекке түйген, қан майданнан қайтпаған батыр ақынның заман торына шырмалу салдарынан ерік сіз қамығуы – дəуірдің, қоғамның қыспағы.
Өлеңді жазып та шығаратын, суырып салып та айтатын Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы – қазақ поэзиясындағы өзіндік екеулі құбылыс. Отаршылдық құрсауындағы елдің ауыр халы толғандырған ақын ның қайғысы қарапайым қалың елдің зарын білдірді, ақын жырлары заманның зарына айналып, əдебиетіміздегі «зар заман» ұғымын туғызды.
Түрлі басылымдардан алынған шығармалар саяси-қоғамдық, əлеуметтік өмірдің өзекті мəселелері суырып салма ақындарымызды қашанда толғандырғанына куə.