Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Тар кезең
Рейтинг: 3.64
ISBN:
978-601-7370-08-4
Беттер саны:
584
Жанр:
Тар кезең
Қазақ даласының Батыс және Орталық бөлегі Ресей протекциясына қарағанына жарты ғасырдай уақыт өткенде, империя енді өзінің отаршылдық бет - бейнесін ашықтан – ашық көрсете бастаған болатын. Әсіресе, Алаш баласы Елек пен Жайық бойындағы өріс – қоныстарынан ысырылып; онымен қоймай, біресе Жайық казак – орыстарының, енді бірде башқұттар мен Еділ қалмақтарының талауына ұшырап, жан – жақты қысым көре бастады. Ел басындағы хан Нұралы болса, бұл істердің бірде – бірін орнықты шеше алмай, ел билігі де дағдарысқа түсті.

Міне, осындай қилы кезеңде ел тағдырына деген жауапкершілікті өз мойындарына алған – Бейбақты Сырым бастаған қазақтың білікті билері мен батырлары, ақсақалды ағалары еді...

Белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» аталатын романы халық тағдыры таразыға түскен осынау қиын кезеңнің оқиғаларын кең тыныспен, аса байыпты да байсалды көрсете білген, шын мәніндегі көркем туынды екеніне оқыған жұрттың көзі анық жетер деп ойлаймыз.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар