Марат Қабанбаев
Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір жылдай жұмыс істеп, содан соң аудандық газетке жұмысқа орналасқан.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін «Лениншіл жас» газетінде, «Жалын» баспасында, Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді.
Әр жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлделі орындарды жеңіп алған. Жазушы Марат Қабанбаев бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде сәтті шыққан туындыларының бірі — «Айшылық алыс жол» атты романы. Роман тақырыбы жетпісінші-сексенінші жылдар аралығын қамтиды. Суреттелген оқиғалардың бәрі дерлік күнделікті өзіміз көріп, басымыздан кешіріп жүрген жайлар. Туған ортасынан ертеректе қол үзіп кеткен жетім бала — Ертай ауылға келіп, еңбек адамдарымен араласып, нағыз өмірдің тер сіңген күпәйкесін кигенде ғана қала мен ауыл арасындағы қайшылықты мықтап сезінеді, ауылдағы халықтың рухани дамуындағы кенжелікті аңғарады. Бұл күнде нағыз өмір сүруге ынтық ақ қағаздай жандар бар да, өмірде актер болып ойнаушылар бар. Мысалы, басқаның қолымен от көсейтін Қали-рабкооп, қайда салсаң содан шығып майлы қасықтай жылпылдап ұстатпайды. Қарапайым еңбек адамы Елтайдың жүріп өткен айшылық алыс жолында бұғып жатқан «Бекежандар» бұлар. Роман сондай-ақ қыз бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді қозғайды. «Тұр», «Жат», «Оқы» деген бұйрықпен күн кешкен мектеп-интернаттағы қыз балалар күні ертең ошақ иесі, ана болғанда, тұрмысқа қажетті дағды, әдеттерді қайдан үйренбек ? Қыз баланың шешенің аялы алақанында дәстүрге тән тәрбие алып, бойжетуі табиғи заңдылық деген тұжырымға келеді. Жалпы роман бүгінгі таңдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді қамтыған.
Мараттың өзінің талантты, қалыптасқан қаламгер екенін дәлелдеген шығармасы «Пысық болдым, мінеки» повесі. Бұл бүгінгі балалар өмірін бейнелеген повесть. Басты кейіпкері — Досан деген ойлы оқушы, зерделі жеткіншек. Әсіресе оның туған жердің әр түйір топырағынан қасиет іздеп, әр тал шөбіне үңіле жүруін, Аққұм суының шипалық қасиетін ашуын азаматтық десек де жарасады. Повесть балалар өмірін, балалар арасындағы қақтығыстарды суреттесе де, мұндағы негізгі өзекті мәселе — туған жерге деген махаббат. Негізгі тақырыбы — Досанның жеріне, еліне деген ыстық сезімі. Повесть аяқталғанда аппақ топырағы бар, шаңды, шөлді, шипалы суы бар Аққұм ауылын қимайсың. Жігіттерді жігерлі, қыздарды қызыл шырайлы еткен туған жердің қадірін біле түсесің.
Жалпы Марат, дүниеге бала көзімен қарай білетін, сезіне білетін жазушы. Оның балаларға арналған шығармалары «Бақбақ басы толған күн», «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» повестері. «Бақбақ басы толған күн» повесінің бас кейіпкері — оқушы Заманбек. Өзі ақын, өзі өлең жазады. Мінезі де қызық, ойлағаны да күлкілі. Мұны повестегі он үш жасар баланың қызық қылығы мен қиял қуа жасаған іс-әрекетінен, көреміз. Мысалы, әкесінің томырық мінезін ұнатпауы жайында : «Жуықта Пионер газетіне «Мектебім» атты өлеңім жарияланғанда бетіме ежірейіп қарап отырып, «Ой-ит!»-деген. Басымнан да сипамады. Көкем сондай адам. Тентектік жасасам бишікпен тартып жіберуден тайынбайды, өлеңім шықса мәнерлеп тұрып ит дейді. Бала әкесі Сауытбекті мейірімнен тысқары, суық жан деп есептейді. Оның пікірі әділетті ме, мұны шығарманы оқи отырып оқырман өзі саралайды.
М.Қабанбаевтың бұл шығармалары «Философиялық ойларымен» ерекшеленеді, сонымен қымбат та. Өзгеге ұқсамауға тырысушылық, өмір шындығын өзінше бейнелеуге, соны соқпақ салуға құштарлық Маратқа, оның творчествосына ғана тән қасиет.
Көп оқылғандар
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Ерлан Аманқожаұлы. Ақынның ақырғы күні
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Кубизм көлеңкесі (Ұ.Есдәулет поэзиясы жайлы сөз)
Сен маған керексің
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Қазақ әдебиетінің аудионұсқасына күш салуымыз керек...
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Верена Цабель. Жамандықтың белгісі болғым келмейді
Мерейтой мазмұнымен қадірлі
Алаштың Ақұштабы 80 жаста
Толымбек Әбдірайым. Мұса
Биліктің табиғаты: Біз билікке не үшін қызығамыз?
Әділет Ахметұлы. Сағыныш - егіз ұғым Жәркенменен
Қаламгерлер «Құрмет» орденімен марапатталды
Ерғали Бақаш. Үрей
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЭКОЛОГИЯСЫ
"Махамбетті оқысам да, өлеңде басқа жолмен кеттім..."
Роза Мұқанованың шығармашылық әлемі
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Саянның жаңа тынысы
Жүрекке сіңген сарын жоғалмайды
Жақсының көзі...
Жазушы және қолжазба: қаламұш, мәшіңке, компьютер
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
Асқар Алтай. Руханият Розасы
Жыр толғасам жарықтық Жұбандаймын...