Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Индира Кереева: Маңдайыңнан сипайын, жыламашы, жар...

09.06.2016 5005

Индира Кереева: Маңдайыңнан сипайын, жыламашы, жарығым...

Индира Кереева: Маңдайыңнан сипайын, жыламашы, жарығым... - adebiportal.kz


акесиз бала.jpg

Бір-ақ сəтте лайланып сала берді-ау тұнығың;
Бір-ақ күнде қатайып кетті сенің жұлының;
Көз алдымда бұлдырап өтіп барады өмірің...
Не деп сені жұбатам?!
Не айтайын, құлыным...


Асқар таудың бір сəтте шөгетінін кім білген...
Бір-ақ сəтте қайғы-мұң төнетінін кім білген...
Бір-ақ күннің ішінде сəби көңіл шатынап
Өлетінін кім білген...


Ашық күнде көгіңнен қайғы жауып, құлады ар,
Жыламашы демеймін...
Жыла, ботам, жылап ал...
Енді сенің маңдайың - өмір жазған бір дастан
Ауыр оның сұрағы əр...


Кеше ғана бала едің, қайғы-мұңнан басқа əні,
Тағдыр осы...
Бір күнде-ақ сені есейтіп тастады...
Сенің əкең - хас батыр!
Жоқтап шықты түнімен
Ақтөбенің аспаны...


Өр əкенің ұлысың!
Жігеріңді жанығын!
Жетеді оған намысың, ерік-жігер, танымың!
... не деп енді жұбатам, не деп енді алдайын?
Маңдайыңнан сипайын, жыламашы, жарығым...



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар