Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СҰХБАТ
Мейір Оразғалиев. Французский Поцелуй...

25.02.2023 2160

Мейір Оразғалиев. Французский Поцелуй 14+

Мейір Оразғалиев. Французский Поцелуй - adebiportal.kz

Французский Поцелуй

Біз неге қоштасып тұрып сүйістік, сүйіктім?! 

Екеуіміз ғашықтар секілді құшақтастық, 

Ғашықтар секілді бақтарды, кафелерді, барларды араладық. 

Күздің қарасуығында жапырақ шашып ойнадық,

Қыстың ақұлпа қарынан аққала жасадық, 

Көктемнің алғашқы жаңбырына шомылдық, 

Жазғы түннің жұлдыздарын санадық. 

Сен маған өз қиялыңда менің өмір сүретінімді айтқансың. 

Мен сенің қиялыңда ешқашан өмір сүрмеген секілді кейіптемін. 

 

Өткенге оралайық ессіздіктен: 

Кешкі асқа әзірлеген тамағыңа тұз салуды ұмытып кетсең де, 

Дәмді деп көңіл-күйіңді түсірмегенмін. 

Вальс билеуге икемің келмесе де, 

Сенен өзге қыздарды шақырмай, сенімен ғана билейтінмін. 

Сен қарайтын сериалдарды көруге жүйкем шыдамаса да, 

Қасыңда отырып көргенмін. 

Бұның бәрі жәй ғана уақыттың сұлбасы ма?! 

Бұның бәрі біз ойлап тапқан өтірік пе?! 

Ол неге екеуіміздің бірге болғанымызды қаламады, 

Ол неге екеуіміздің махаббатымызды ұрлады?! 

Өткенге оралмайық ессіздікпен... 

Малиновый шай

«Сенің жасың 22-де. 

Кейде Миласың, кейде Кәмпитсің. 

 

Музыканы, гүлдерді, кофені, жаңбырды шексіз сүйесің...

Кейде русалкаға айналғың келеді. 

Кітап оқысаң, басқа әлемге түскендей боласың. 

Классикалық әуендер жаныңа тым жақын. 

 

Кемпірқосақ, фейерверк көрсең қатып қаласың. 

Мейірім мен махаббаттың әлемді құтқаратынына сенесің... 

 

100%  Өнерден және малиновый шайдан тұрғың келеді.» 

 

Ал, мен 

Сенің осы болмысыңа кіршіксіз сезім сыйлағым келеді. 

Күбірлеген сөздердің қызыл-жасыл түсіне айналып, 

Іңірдің иығына басымды сүйеп, 

Сенің дауысыңа мас болғым келеді. 

 

Жаңбырлы көшелермен қол ұстасып жүгіріп, 

Көйлегіңнің малмаңдай су болғанына дейін, 

Қоңыр түсті шашыңды жел сүйгенге дейін, 

Таңның атып, кештің батқанына дейін, 

Ыстық кофенің суығанына дейін, 

Қасыңда болғым келеді... 

Ол жалғыз сәт

Бикеш! 

Маған қайғылы екеніңізді айтыңыз, 

Мен сізді мұңайтқым келмейді.

Ясунаридің «Махаббат жайлы» романтикалық әңгімелерін оқып, 

Фудзияманың ең биік шыңынан жерге қарайық. 

Сол сәтте, 

Ерініңнен үнсіз сүйіп, 

Жұпарлы көктемнің аңқыған әтірін аймалап, 

Қиялымдағы әлеммен алысқа сапар шегемін. 

Таң қауызын жарғанда ұйқының құшағында жоғалып, 

Рауандап атқан алқызыл күннің шапағына шомылып,

Күннің бұлттануын, жаңбырдың нөсерлей жауғанына мән бермей, 

Кемпірқосақтың шыққан сәтіндегі іңкәр құштарлықтарымызды күтейік. 

Әдемі ауа-райының сәнін екеуміз бұзбайық! 

Әткеншекке отырыңыз, 

Сізді тербейін қанатыма қанат жалғап.

Қолшатыр астындағы балғын жымиған бейнеңе мен тербелейін. 

Өмірімізді мұңға алмастырайық. 

Қайғылы әндер, дыбыссыз ноталар, ішілген шараптардың құрметі үшін, 

Көтерейік сосын! 

Дарау ағаш түбінде

(дизайнер Тілеубек Батысқа) 

Біздің әлемге деген көзқарасымыз жұрттардікі секілді тым қарапайым. 

Біздің сезімдер жайлы ойларымыз да түссіз, солғын. 

Біздің әуендер тыңдауымыз Бетховеннің 12 жасынан да кемтар. 

Біздің поэзия туралы түсінігіміз қара өлеңмен ғана шектелген. 

 

Сенің мінезің қалыпты, жүйкең тозбаған, жадың таза. 

Сенің дауысың қарлыққан, домбыраң сынған, бірақ, арың таза. 

Сенің ақ көйлегің кірлеген, голливудтық шашың таралмаған, 

Сенің қиялың Ван Гогтың суреттеріндей сиқырлы, бірақ, ұйқың қанбаған. 

 

Тұманды қаланы жарып шығып жүгірмейсің. 

Құйынды мекенде сәурігіңмен шапқыламайсың. 

Сахараның салқар көшінен көшпенді рухыңа көшпейсің. 

Ай толған түні, кесенедегі құстар қиқуын  тыңдамайсың. 

 

Осыдан төрт жыл бұрынғы Тілеубекті іздемеймін, оны сағынбаймын, 

Осыдан төрт жыл бұрынғы Мейірге жоқтау айтпаймын. 

Осыдан төрт жыл бұрынғы дерексіз құштарлықтарға бағынбаймын, 

Осыдан төрт жыл бұрынғы кезеңге ешқашан қайтпаймын. 

 

Бұл ғасырдың адасушылары, баз кешкен шайырлары емеспіз.

Бұл тағдыр әуенінің иесі, уақыт қақтығысының құрбаны сен емессің.

Бұл дерттің, бұл мағынасыздықтың сұлулығын Жан-Арына көмген мен емеспін. 

Біз жәй ғана болмыстың болмысымыз... 

Біреудің әнінің сөзі

Қартайғанда Чонгукқа орналасамыз

 

Жол жиегінде пианинода ойнап жүргенім сол жазда кенет есіме түсті. 

Белгісіз ағылшын әнін айту арқылы естеліктерді ұмытқанымды ұмыттым. 

Кеш батты, сен мені көптің арасынан байқадың. 

Жай ғана бұл әнді тыныш тыңда! 

 

Менің өмірімде ұзақ уақыт өтсе де, сен менің жанымдасың. 

Түнде сөйлесіп, кеш батқанға дейін сені ойладым. 

Бір күні барар жеріміз қалмай ма деп ойлаймын. 

Жиырманың басында қаншама қуаныш пен қайғыны көрдім?! 

 

Мүмкін сіз де уайымдайтын шығарсыз, 

сен де ұтылған шығарсың уақыттан. 

Менің артымнан сіз де ішкен шығарсыз қоштасу рәсімінде. 

Мүмкін сіз де шатасып жатқан шығарсыз. 

Мүмкін сен де түсінбейтін шығарсың өз көлеңкеңді. 

Бірақ ең әдемісі сол түнмен,

Сен көрген жұлдызды аспан. 

 

Болашақ туралы әңгімелескенде біз де көп нәрсенің уақыттың ішінде жоғалғанын атап өттік. 

Сізге фейерверк ұнайды, мен ақымақ иттің қасымда болғанын қалаймын. 

Сіз Чонгук әдемі қала деп айттыңыз тағы да дауыстап, 

Феникс ағаштарына толы сол жол 

Сіз көп жылдар бойы жүріп өткен жол. 

 

Сен де бұл қиялға сенсең, 

Егер сіз де бұл әлемге берік болсаңыз, 

Өсек пен өсекке мән бермесең, 

Егер қаласаң, 

Қартайған соң осында қоныстанамыз.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар