Тұрағұл Абайұлы
Абайұлы Тұрағұл 1875 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында туған, әдебиет зерттеушісі, аудармашы, қоғам кайраткері, Абайдың кіші баласы. Жас кезінде мұсылманша, орысша сауат ашқан. Әкесі мен ағалары Оспан, Әбдірахман, Мағауия қайтыс болғаннан кейін Құнанбай әулетінің басты адамы ретінде жергілікті билікке араласқан. Ол Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов сынды Алаш қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынаста болған. 1909 жылы немере ағасы Кәкітаймен бірге Петербургте алғаш рет әкесі Абайдың шығармалар жинағын кітап етіп шығарды. 1922 жылдан шығармашылық жолға бет бұрған Тұрағұлдың әдеби мұраларының ішіндегі ең кұнды еңбегі – «Әкем Абай туралы» деп аталатын естелігі. Қазақ әдебиетіндегі естелік жанрының бастауында тұрған бұл еңбегін ол М.Әуезовтің өтініші бойынша жазған. Абайдың мінез-құлық ерекшеліктерін, өлең жазардағы көңіл-күйін қызықты суреттеген Тұрағұл ұлы ақын шығармаларына талдау жасайды, оның шығармаларының негізін көркем аудармалар құрайды. Ол Джек Лондонның «Эскимос Киш», А.М. Горькийдің «Челкаш» («Таң» журналының 1925 жылғы сандарында жарық көрген), А.С. Неверовтың «Мәрия – большевик», «Мен өмірге жерікпін» (Неверовтан аудармалары «Ортақшыл Мария» деген атпен 1927 ж. Мәскеуде жеке кітап болып шыққан) атты әңгімелері мен Б.Прустың «Антек» шығармасын, Д. Лондонның «Мартин Иден» романын (қолжазбасы сақталмаған) қазақ тіліне аударған. Тұрағұл Абайұлы «Алладан мен қапа боп, тілеген күн», «Хат», «Әбішке», «Жауап хат», т.б. өлеңдер жазған.
1928 жылы Шымкентке жер аударылған Тұрағұл бірнеше жыл ауыр азап көріп, 1934 жылы дүниеден өткен.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1856
26.10.2026
1579
28.10.2026
1568
27.10.2026
939
27.10.2026
795
26.10.2026
790
28.10.2026
469
28.10.2026
437
24.10.2026
392
25.10.2026
390
28.10.2026
379
28.10.2026
279
29.10.2026
259
23.10.2026
257
21.10.2026
4386
22.10.2026
4239
20.10.2026
3377
07.10.2026
3284
15.10.2026
3212
20.10.2026
2928
09.10.2026
2879
16.10.2026
2575
09.10.2026
2291
05.10.2026
2291
30.09.2026
2175
08.10.2026
2132
15.10.2026
2122
14.10.2026
1878
