Басты бет
/
Кітаптар
/
Түркістан тұтқыны

Түркістан тұтқыны

Түркістан тұтқыны
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-03-0356-0
Беттер саны:
382
Жанр:
Автордың "Түркістан тұтқыны" атты романына негізінен, аяғы кешегі өзінің де, Кеңес Одағының да түбіне жетіп тынған, демократия, интернационализм атын жамылып, бәрін де "өзі біліп", бәрін де бір өзі билеп-төстеген коммунистік тоталитарлық өктем жүйенің солақай саясаты арқау болған. Бұл жағы шығармада оның басты кейіпкерлері: кешегі "халық жауы", сталиндік ВКП(б) тарихының оқытушысы, райкомның екінші хатшысы Б. Қонақбаев пен журналист Сыраштың Горбачев жариялылығы төңірінде өрбіген әңгіме-сұхбаттық ой-толғамдарды арқылы жаңа қырынан көрініс табады.

Сонымен бірге, бұл кітапқа автордың бір топ әңгімелері қоса берілді. Сіз бұл әңгімелерден осы күндері көрген түстей ұмыт болып бара жатқан, кешегі "Адам-адамға дос, жолдас және бауыр" дейтін адамгершілік кодексімізге тән: адалдық, әділдік, мейірімділік, әдептілік, шынайы сүйіспенділік деген секілді адами, рухани, қадір-қасиеттерімізбен қайта кездесіп, қайта қауышқандай әсер аласыз. "Адамға адам-қасқыр" деп, дүниенің бар тетігі байлықта, ақшада деп, құрсағынан жезөкшілік дйсіз бе, шет елге бала сату дейсіз бе, спид індеті дейсіз бе - неше түрлі пәлелерді өрбіткен аш көзді, қанды балақ капитализмге қарап бой түзеген қоғами болмысыздың бүгіңгі моральдік сықпыт-сияғына қарап, сол адами, рухани құндылықтарымыздың барған сайын бәсі түсіп, аяқ асты боп бара жатқан жоқ па осы дегендей ой шығармауында қаласыз...    

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan