Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

09.05.2015 4449

Мәншүк Мәметова

Автор: adebiportal.kz

«Ардақты, анашым, бiз алға қозғалған күнi және сол сағатта көп күткен сәлем-сауқат пен хатты алдым. Бұның өзi 10/09-43 жылы болды. Бiз осы күнi сағат 7.00-де алға жүруiмiз керек едi. Әлгi капитанның келгенiн маған сағат 6.00-де ғана айтты.

Мен әйтеуiр оған барып және алып үлгердiм. Алайда әңгiмелесiп сөйлесе алмадым, әлi де соған опынамын. Маған бар болғаны бiр алма тисе де, сондай керiм қуандым. Менiң кiшкентай сияпатты күткенiм сияқты, бiздiң жауынгерлер мен командирлерiм де менi қуанып қарсы алды. Маматай, бiздiң жемiс-жидек, жалпы үйдiң ешнәрсесiн көрмегенiмiзге екiншi жыл. Бәрiңiзге үлкен рахмет, сондағы жолымыз сәттi болды.

Ал қазiр пулеметiммен алғы шептемiн, фрицтердi қадағалап қарап отырмын, түнде тiптi мызғымаймыз да, ал күндiз демаламыз, мiне уақыт тауып сiзге хат жазып отырғаным.

Қымбатты әпкетай, бүгiн күндiз демалуға жатқанмын, түн бойы көз iлмегенбiз, сондықтан бiрден ұйықтап кетiппiн және мен мынадай бiр түс көрдiм.

«Әкем келiптi, бiрақ онымен сөйлесiп жатқаным жоқ, ол армияда қызмет етiп жүрме-ау, бiр уақытта Алматыдан делегация келген екен деймiн, есiктi ашып кеп қалсам, Сiздiң даусыңыз естiледi. Кенет қарасам, Сiз тура алдымда тұрсыз, жақындай берiп бас салып құшақтап, аймалап, сүйiп жатырмын, дәл осылай Сiздi кездестiремiн деп ойламап едiм деймiн және сосын бәрi тап қазiргi өмiрiмiз сияқты, бiздiң қалай тiршiлiк жасап жатырғанымызды, әкемдi қалай кездестiргенiмiздi айта бастадым, сiздiң сосын мұнда қалай тап болғаныңызды мошқауға кiрiстiм, Сiз айтасыз маған осы делегацияның құрамында келу бақыты бұйырды деп, сөйтiп жатқанда менi түскi тамаққа оятып жiбердi, әттеген-ай, манағы тәттi минуттардың бәрi түсiм екен ғой. Жалпы алғанда қазiр өмiрiмiз қызықтырақ бола бастады, немiстермен қару арқылы ғана тiл қатысамыз, бiресе олар атады, бiресе бiз… Егер қателеспесем, бiз осы күндерi алға қозғалмақпыз.

Менен сондықтан хат кешеуiлдейтiн шығар. Әпкетай, бiз ашық жылы күндердi көруден қалдық, салқын, жаңбыр толастамайды. Сiздi мен жылы бiрдеңкелер жiберер деп күткен едiм. Штапта болғанымда жылы киiмнiң қажетi жоқ едi, ал қазiр сапта тұрғанда тоңазимын. Мiнеки Сiздiң екiншi хатыңызды алып отырмын, өзiмнiң балалық шағымды ерiксiз еске түсiруге тура келедi. Сiзге менiң мынадай өтiнiшiм бар. Қаншайым келгенде, Динашты тәрбиелеудi қолға аласыз ғой, сонда көбiне-көп қоғамдық ортаға үйiрiп үйретуге тырысыңыз, жападан жалғыз өздерi қалмасын.

Жалпы жеңiспен оралғанда айтар әңгiме көп …»

 

1943 жыл, 22-қыркүйек

Көп оқылғандар