Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

27.05.2016 10617

Дағыстан

Автор: Ақылбай Абайұлы
Түсінік: Ділнұр Мұқият

Ежелгі Дағыстанның беймәлім қаласы. Жүсіп қарттың үйінен асып-сасып әйелі аулаға шығады. Жүсіп әйеліне:

 

Шақырды ма?Жалғызымды бір көруге құдай нәсіп етер мекен?-дейді.

 

Жалғызың жаман, Әлі саған ырзалығын берген жоқ! Әкеңді шақырайын дегенімде, бір ауыз тіл қатпады.-деді әйелі.

 

Мұны естіген кәрі Жүсіп ауыр күрсініп, өткенін еске алып:"Әлгі кемпірдің зары  тиді-ау ақыры!"-деп екі көзі жасқа  толып, әжім басқан екі бетінен жас сорғалап жатты.

 

Істің мән-жайы былай еді. Жастайынан бойына тәкаппарлық дарыған Жүсіп батыр қатарының алдын бермеген батыр болады, алайда жұрт оның екі сөзді көтере алмайтын долылығынан қорқып, бір ауыз сөз сөйлеуден жасқанатын болған.

 

Бірде Дағыстанның жылына бір келетін тойына ел-жұрт бас  қосып, өңірдің жақсы-жаманын талқыға  салып жатты. Әңгіме басы жалғыз кемпірдің баласы Ибрахимге бұрылды. Оның мергендігін айтып тамсанып отырғанда, Ибраһим Жүсіпке қалжыңдап бір шымбайына тиіп қалса керек, Жүсіп қалжыңды ауыр қабылдап, ішіне кек сақтап, бір бармағы ішінде бүгулі қалып қояды.

 

Бір күні күннің тамаша шырайына қарайлап, Ибрахим Кавказ тауы жаққа аңға келеген еді, сол уақытта Жүсіп те аң аулауға шығып, далада  арқарды көзі шалып, дәлдегенмен көзі жетпей арқарды уысынан шығарып алады. Қаперінде  ештеңесі жоқ Ибрахим  Жүсіптің жанына жетіп келіп, мылтығын оқтап, дәлдеп тұрып арқарға тарс қойғанда, тұрған жерінен құлатып түсіреді. Ибрахим күлімсіреп:"Мендей болу қайда саған! Қане,батыр, тағы арқар бар ма?Атып түсірейін!"-деп ауыз жиғанша, Жүсіп Ибрахимнің жанына жетіп барып, жүрегіне қанжарды қалай тығып алғанын өзіде түсінбей қалады.Асып-сасып ештеңеге қарамастан үйіне қайта береді.

 

Екі күн өткен соң суық хабар жетіп Ибрахимнің мәйіті табылды, естіген сәтте анасы тілге келмей талып қалады. Есін жинаған соң зар илеген ана:"Жалғызымның жанын алған жазықтының жанын ала гөр, о құдай! Жанын алу жеткіліксіз,ол да мен сияқты зар илеп, не өзі, не тұқымы, не жұрағатына кетпестей қазаға ұшырасын, о құдай!"деп қаһарын төгіп, қарғыстап, ұлының жетісіне әрең жетіп, өзіде көз жұмып, жалғызының артынан кете барады.

 

Кемпір қайтыс болған соң, сөздері есіне түсіп Жүсіп ұзақ уақыт қорқып жүреді, дегенмен араға жылдар салып, бәрі ұмыт болып қала берді. Алланың қалауымен Әлі, Мұса, Жағыпар, Таяр, Рахим атты арыстандай бес ұлынан кейін, тал бойында бір міні жоқ, хор қызындай сұлу қыз нәсіп етеді. Аяғын жеңіл басып, киікше жүрген соң, жұрт  атын  Ғазел деп атап кеткен. Сымбатына сүйсініп, Жәбірәһил атты жарлының батыр баласы сыртынан бір көргеннен ес-түссіз ғашық болып жүреді.

 

...Ел басына күн туып, Дағыстанды құтқаруға елдің барлық мен деген батыр ерлердің басы қосылып, жауға аттанып жатты. Олардың ішінде Жүсіптің қос ұлы Әлі мен Мұса және Жәбірәһил бар еді. Соғыс майданында күтпеген жағдайлар орын алып, әскерлер түгел дерлік қырылып, үлкен шығынға ұшырайды. Әлі мен Мұса сол жерде жан тапсырып, шейт болады. Құдай қағып Жәбірәһил аман қалып, Әлі мен Мұсаның сүйегін ата-анасына аманат етіп жеткізеді. Басына жәй түскендей болып, үй іші зар еңіреп, ақырында сабырға келеді.

 

Құдай ісі мұнымен бітсін бе?! Мылтық алып  аңға шыққан Жағыпар мен Таяр ентелеп тау басына енді шыға  бергенде, шатырлаған жауын тиым бермей нөсерлей кетеді. Минутына он-он бестей жәй түсіп жатқанда, жұрт жағасын ұстасып, қуыс үйден ешкім аттап басып шыға алмай отырды. Көп ұзамай қаралы хабар тағы жетті,еңгезердей екі жігітті толқын соғып, жартас жаншып кетсе керек, сүйегінен бір сауы қалмай бүлініп кетіпті. Жанына қатты батқан Жүсіп қайда барсада кемпірдің зары құлағына келе берді.

 

...Сол заманның дәстүрімен аңға шыққан Рахим ойламаған жерден Жәбірәһилді жолықтырады. Рахим ат үстінен түсугеде ерініп, Жәбірәһилді өзімен сөйлесуге тең көрмей тәкаппарланып, мінсінбей қарап тұрды. Жәбірәһил өзінің жүрек дерті дауаламай, қарындасы Заһирада көңілі бар екенін қысылып айтқанында, Рахим бірден тасырлыққа салынып;"Сен секілді әкемнің үйде талай құлы бар, қарындасымды құлға беріп, намыстан өлер шамам жоқ!"-деп Жәбірәһилдің жанына жақын барып, басына қамшымен салып қалады. Өзін бұрын-соңды ешкім басынып көрмеген батыр тістенгенде, ернінен қан сорғалап кетеді. Екеуі де қанжарға қол салып, бір-бірін аямастан бірі өліп, бірі тірі қалуға бекінеді. Аяғында Рахимнің көкірек тұсына қанжар тиіп, біреу тауып алып, әкесіне жеткізгенде:"Әке...Заһира...Жәбірәһил...кегім"-деп көз жұмады. Өлім аузында жатқан баласының сөз төркінін түсінген Жүсіп өл-өлгенше Жәбірәһилден кек алмақ болып, Заһираға оған жоламауға ант еткізеді.

 

Алланың әмірімен бір күні тау басында Заһира Жәбірәһилді кездестіреді. Сөздері жарасып, бір-біріне ынтық болып, махабатқа мас болған екеуі тау басында кездесуді әдетке айналдырады. Бір күні Заһира ұзақ ойланып:"Неге әкемнің алдынан өтіп, мені сұрап көрмейсің? Менде әкеме айтамын, ақырында көнетініне сенімдімін"-дейді. Сонда Жәбірәһил өзінің шарасыздан Рахимді өлтіргенін айтып, егер жанымды алам десең мен қашпаймын деп қасқайып, қыз алдында тұрады.Мұны естіген қыз қолына қанжарын алып, сүйгенін өлтіруге дәті шыдамай жерге лақтырып, Жәбірәһилден кезінде болған істің мән-жайын ашуды сұрайды.Осылайша Заһираның кегін махабаты жеңіп, күндер жылжып өтіп жатты.

 

Бірде Жүсіп Заһираны шақырып алып:"Қызым,мен ел-жұттан сұрастырып жүрмін, әлгі ағаңды өлтірген қанішер сай басында жүргенін естідім, сақ болғайсың, жарығым!"-деп ескертеді. Заһира көп ештеңе елемегендей болады. Жүсіп Жәбірәһилдің тау басындағы бір таста отырғанынан дерек алысымен, бірден екі құлды жанына алып оның басын әкелуге аттанады. Дәл сол мезетте тас жанында қос ғашық шарасыздан елден қашуды жоспарлап, ертең кеш бата жүздесуге уәделесіп қоштасып кеткен еді. Тау етегіне жете берген Заһира шатырлаған қанжар дауысын естіп, жүрегі ауызына тығылып, бір жамандықты сезгендей тау басына жүгіріп шыға бере кескілесіп жатқандарды көзі шалып: "Жәбірәһил"деп жан даусымен айғайлағанда, үшеуге дес бермей айқасып жатқан жігіт Заһираға қараймын деп назары ауып,қапыда қалған шақта өткір қанжар денесіне тиіп жерге құлап түседі. Есі шыққан Заһираға:"хош"деді де бақиға аттанып кете барды.

 

Зар еңіреген қызы: Өз қолыңмен тұқымыңды тұздай құрттың, әке, ішімдегі немереңдіде өз қолыңмен өлтірдің!Аясаң етті,өл-өлгенше сені кешпеймін!"-деп  үйге кіріп кетеді.

 

Осылайша бір айналдырғанда шыр айналдырған тағдыр ісі, талайдың сорын қайнатады. Қызбалықпен жасаған әрбір іс-әрекеттің нәтижесін болжап бағу мүмкін емес.

Көп оқылғандар