Әуезхан Қодар
ҚОДАР ӘУЕЗХАН (1958 – 2016)
12 маусымда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қармақшы кеңшарында туған. 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1
982 – 85 жж. Қызылорда облысы Қармақшы ауаткомы жасөспірімдер жөніндегі комиссияның хатшысы, заңгер; 1985 жылдан бері республикалық және одақтық баспасөзде жариялана бастайды. 1986 жылы республикалық шығармашылық жастар, «Жігер» фестивалінің лауреаты.
1989 – 94 жж. Көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі редакциялық бас алқасында орыс бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан Қазақстан халықтарының мәдениетін қорғау жөніндегі «Алтын ғасыр» қоғамдық бірлестігінің президенті, 1995 – 97 жж. М.О.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры көркемдік кеңесінің мүшесі, 1999 жылдан «Тамыр» журналының бас редакторы болды.
1997 – 98 жж. Неміс театр академиясында философия тарихынан сабақ берді. 1999 – 2001 жж. Сорос-Қазақстан халықаралық қорының басқарма мүшесі болды. Философия ғылымдарының кандидаты.
Қазақ және орыс тілінде жазған. «Туған күн», «Ақеділдің анты» пьесаларының (1986), «Қанатты өрнек» (1990), «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» жинағының (1996), «Еске алмау шеңбері» (1998), «Қазақ әдебиетінің тарихына шолу» (1999) кітабының, «Қанағат қағанаты» жинағының (1994) авторы. Орыс тіліне Абай, Мағжан, Ж.Жақыпбаевтың шығармаларын аударған. Қазақ тіліне Е.Замятиннің «Аттила» драмасын, М.Хайдеггер мен Х.Гасеттің философиялық жұмыстарын, К.Швиттерстің өлеңдерін аударған. «Батыс философиясы антологиясының» авторы және ұйымдастырушысы. «Астана» медалімен марапатталған (1998). ««Парасат» орденінің иегері (2006)
Көп оқылғандар
28.10.2026
1810
26.10.2026
1577
28.10.2026
1472
27.10.2026
922
27.10.2026
789
26.10.2026
787
28.10.2026
460
28.10.2026
422
24.10.2026
391
25.10.2026
388
28.10.2026
366
28.10.2026
269
23.10.2026
256
25.10.2026
246
21.10.2026
4385
22.10.2026
4236
20.10.2026
3376
07.10.2026
3284
15.10.2026
3212
20.10.2026
2925
09.10.2026
2878
16.10.2026
2575
09.10.2026
2291
05.10.2026
2291
30.09.2026
2174
08.10.2026
2132
15.10.2026
2121
14.10.2026
1877
