Әлжаппар Әбішев
Әлжаппар Әбішев (1907–2001) - 15 қазанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Еңбек жолын Қарағандыда шахтер болудан бастаған. Сол кезден бастап алғашқы әңгімелерін жазған.«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
Тұңғыш әңгімелері «Завал» (1936), «Еңбек ері – ел еркесі» (1938) жұмысшылар өмірін суреттеуге арналған. «Армансыздар» повесінде қазақ шаруаларының өмірін суреттесе, «Төлеген Тоқтаров» (1944), «Саржан» (1945), «Үлкен жолда» (1948), «Терең тамырлар» (1952) повестерінде, «Жас түлектер» (1945), «Сахара сәулеті» романында, «Намыс гвардиясы» (1942, М.Әуезовпен бірігіп жазған), «Отан үшін» (1949), «Қырағылық» (1941), «Мен өлмеймін» (1948), «Достық пен махаббат» (1947) пьесаларында қазақ халқының майдандағы, елдегі жанқиярлық қажырқайратын, олардың жеңіске деген сенімін шынайы көрсетеді. «Достық пен махаббат» пьесасы кезінде қазақ драматургиясына қосылған үлкен үлес ретінде бағаланды. «Бір семья» (1948), «Күншілдік» (1954), «Кім менің әкем?» (1954), «Сәкен» (1965), «Белгісіз батыр» (1966), «Армандастар» (1966), «Мансап пен ұждан» (1977), «Мәди» (1977), «Көлеңкелер қалай жоғалады» (1978), «Нұрлы жаңбыр» (1981), «Кәусар» (1982), «Ажалсыз адам» (1983), «Сәкен аманаты» (1987) пьесаларында адамгершілік, мораль тақырыптарын қозғады. «Найзағай» (1969), «Атыңнан айналайын» (1988) романдарына халық композиторы Мәдидің өмірі мен шығармашылық жолы өзек болды. «Шерлі шежіре» эссе кітабында қаламгер өзі көріп, куә болған заман тақсыретін зерделей әңгімелейді. Жазушының сан алуан тақырыптарға жазған драмалық шығармалары ұзақ жылдар бойына республикалық, облыстық театр сахналарында үзбей қойылып келеді.
Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы (1985). Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
Шығармалары: Саржан. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1944; Жас түлектер. Роман. А., ҚМКӘБ, 1945; Таңдамалы шығармалары. 1–2т., А., ҚМКӘБ, 1957–1959; Замана балалары. Повестер. ҚМКӘБ, 1961; Найзағай. Роман. А., «Жазушы», 1969; Сәуленің күлкісі. Повестер. А., «Жазушы», 1978; Шығармаларының бес томдық жинағы А., «Жазушы», 1981–1983.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды