Тұрсынәлі Рыскелдиев
Тұрсынәлі Рыскелдиев 1940 жылы 8 желтоқсанда ҚХР-дың Іле аймағы, Күнес ауданында дүниеге келген. 1961 жылы Шыңжаң университетінің қытай тіл-әдебиеті факультетін тамамдаған. 1961–1980 жж. мектеп оқытушысы, 1980–1992 жж.
Күнес ауданының мәдениет үйінің бастығы, 1992–1998 жж. Іле облыстық әдебиет көркемөнер бірлестігінің арнаулы кәсіптік жазушысы, Іле аймақтық әдебиет-көркемөнер бірлестігінің төрағасының орынбасары, Жазушылар одағының төрағасы қызметтерін атқарған.
Әдебиетке 1957 жылы «Терезе алдында» атты өлеңі арқылы келген. 1982 жылы «Тасқын» трилогиясының бірінші кітабы, 1987 жылы екінші кітабы, 1989 жылы үшінші кітабы «Шыңжаң халық баспасында» жарық көрді. 1982 жылы «Өркен» атты әңгімелер жинағы (Пекин, «Ұлттар баспасы»), 1983 жылы «Қайта оралу» («Іле халық баспасы»), 1986 жылы «Мысал әңгімелер», («Шыңжаң жастар баспасы»), 1995 жылы «Бесік» атты әңгімелер жинағы (Пекин, «Ұлттар баспасы»), 1995 жылы «Тау тағысы» романы мен 1998 жылы «Қара көлдің балықтары» атты повестер топтамасы («Шыңжаң халық баспасында») басылған. «Сардаланың сағымы» (повестер), «Бесік» (әңгімелер), «Тау тағысы» (роман, повестер), «Тасқын» (трилогия), «Кек» (әңгімелер) атты көп томдық шығармалар жинағының жеті томы жарық көрген.
«Іле салтанаты» көркем телефильмі экранға шыққан (1995). «Қос аққу» пьесасы және комедиялары қойылған.
«Тамызық» атты мысалдар жинағы (2001, «Мерей»), «Ұлы көш» романының бірінші кітабы (2001, «Өлке»), екінші кітабы (2003, «Елорда») жарық көрді.
«Тасқын» трилогиясының екінші кітабы ҚХР-да мемлекеттік аз ұлт әдебиетінің таңдаулы кітабы сыйлығын, «Мысал әңгімелері» Шыңжаң өлкелік «Жаңа дәуір әдебиеті» сыйлығын алған. «Қара көлдің балықтары» повестер жинағы үшін ҚХР мемлекеттік «Тұлпар» әдеби сыйлығын, «Іле салтанаты» көркем телефильмі үшін ҚХР мемлекеттік ынталандыру сыйлығын алған.
Қытайдың мемлекеттік бірінші дәрежелі жазушы кәсіби атағы берілген, сондай-ақ «Мәдениет саласындағы еңбегі сіңген қайраткер» белгісі табыс етілген.
Көп оқылғандар
07.10.2026
1662
05.10.2026
1545
05.10.2026
1529
08.10.2026
1431
09.10.2026
1337
08.10.2026
803
08.10.2026
675
05.10.2026
649
09.10.2026
588
05.10.2026
549
09.10.2026
512
09.10.2026
212
18.09.2026
3167
21.09.2026
3153
25.09.2026
3062
17.09.2026
2822
29.09.2026
2286
16.09.2026
2079
28.09.2026
1982
20.09.2026
1930
12.09.2026
1911
30.09.2026
1902
27.09.2026
1749
07.10.2026
1662
25.09.2026
1614
11.09.2026
1569
05.10.2026
1545
