Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сұлтан Оразалин

Сұлтан Оразалин

Сұлтан Оразалин
Рейтинг:
Өмірбаяны

1941 жылы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Аягөз қаласында туған. 1964 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген. Еңбек жолын Семей облысы, Абай аудандық «Социалистік мал шаруашылығы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Кейін Аягөз аудандық комсомол комитетінде, Қазақ радиосы мен телевидениесінде редактор, аға редактор, күнделікті хабарлар бағдарламасының Бас редакторы болып істеген. 1969–1984 жж. Қазақ телевидениесінде Бас редактор, 1984–1986 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, көркем әдебиеті секторының меңгерушісі, 1986–1993 жж. «Өнер баспасында директор, 1993–1995 жж. Қазақстан Республикасы Тіл комитетінің төрағасы, 1995–1997 жж. Ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының бірінші орынбасары, 1997–1998 жж. Білім және мәдениет министрлігінің Тіл саясатын үйлестіру департаментінің директоры, 1998–2000 жж. Авторлық құқық жөніндегі агенттіктің төрағасы, 2000–2001 жж. ҚР Әділет министрлігінің Авторлық құқық жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. 2001 жылдан бері ҚР Әділет министрлігінің алқа мүшесі, Құқықтық насихат, мемлекеттік тілді дамыту және көпшілікпен байланыс департаментінің директоры. Республикалық терминология және ономастикалық комиссия төрағасының бірінші орынбасары (1993–1997), Қазақстан Үкіметі жанындағы мемлекеттік сыйлық беру комиссиясының (1986–1998), Қазақстан Халықтары Ассамблеясы кеңесінің (1994–1998), Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық саясат жөніндегі комиссияның (1993–1998) мүшесі болды. Халықаралық телевизия және радио академиясының (JATR) академигі (2003), Өнертану саласының профессоры (2003).
«Сұхбат», «Халық қазынасы», «Шұғыла», «Қымызхана», «Кездесу», «Айтыс» хабарларын алғаш ұйымдастырып, сценарийлерін жазған, эфирде жүргізген; үш жүзге жуық әдеби сценарийлер мен қырық шақты ғылыми-зерттеу мақалалардың авторы, орыс және шет ел жазушыларының роман, повестерін қазақшалаған кітаптары жарық көрді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2001), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1981), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Абай атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты (1995), Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын Барыс» белгісімен марапатталған (2001). «Парасат» орденінің иегері (2006).
Шығармалары: Шындық және көркемдік шешім. Монография. А., «Жазушы», 1977; Абай елі. Альбом-шежіре, қазақ, орыс, ағылшын тілінде. А., «Өнер», 1995; Тіл тағдыры – ел тағдыры. А., 1997; Жүректің көзі ашылса. Монография, эссе, мақалалар. А., «Өнер», 2001; Авторды қорғау – руханиятты қолдау. А., «Жеті жарғы», 2000.

Көп оқылғандар