Керімбек Сыздықов
Керімбек Сыздықов (1939–2008) Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туған. 1956–1961 жж. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде, 1964–1967 жж. аспирантурасында оқыды.
1961–1964 жж. Шымкент педагогика институтында оқытушы, 1967–1974 жылдары Қазақ КСР ҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1974–1994 жж. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтында доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1977), факультет деканы (1982), институт проректоры (1989), институт ректоры (1992), 1994 жылдан Шығыстану институты ректорының кеңесшісі әрі 1996 жылдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, кафедра меңгерушісі болып қызмет істейді. 1999 жылдан Қазақ-Кувейт университетінің ректоры.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, білім мен ғылымның келелі мәселелері, оның басты өкілдерінің шығармашылығы жайлы, М.Әуезовтің әдеби, ғылыми-сын мұрасы туралы зерттеу еңбектері ғылыми басылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланып тұрды.
«Әуезовтің шығармашылығына байланысты библиографиялық көрсеткіш» (А., «Ғылым», 1972, авторлар ұжымы), «Мұхтар Әуезов – әдебиет сыншысы» (А., «Ғылым», 1973), «Уақыт және қаламгер» (А., «Жазушы», 1974, авторлар ұжымы), «Ата қоныс» (Ш., «Жібек жолы», 1992, С.Жолдасовпен бірге), «Мұхтартанудың беймәлім беттері» (А., «Қазақстан», 1997), «Ұстаздық ұлағат» (А., 2001) монографиялары жарық көрген. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Гуманитарлық Ғылым академиясының академигі.
1987 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, 2001 жылы «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
