Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Т
Төреқұл Нысанбек

Төреқұл Нысанбек

Төреқұл Нысанбек
Рейтинг:
Өмірбаяны
Төреқұл Нысанбек (1921–2008)

28 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының Досан ауылында (қазіргі Алғабас) туған. 

Он бір жасынан әке, шешеден жетім қалып, Түркістандағы балалар үйінде тәрбиеленген.
 
1941 жылы ҚазМУ-дің 1 курсінен майданға аттанған. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия жауынгерлерімен бірге Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысқан. Жараланып елге оралған ол Досан ұжымшарында бухгалтер, Арыс қаласында Халық судьясы, кейін «Оңтүстік Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің редакцияларында қызмет істеген.
 
1960 жылы Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика факультетін бітірген. 1961 жылдан Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқарған. 1964 жылы кандидаттық, 1984 жылы докторлық диссертация қорғаған. Осы институтта қазақ әдебиеті тарихының 6 томдығына және басқа ғылыми жинақтарға қатысты. Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Есдәулет, Орынбай тәрізді 500-ге таяу ел ақындарының өмір тарихы мен өлең, жырларын жинады. 70-жылдары «Қазақ кеңес энциклопедиясында» сөзтізбе бөлімінің меңгеруші қызметін атқарды. Қазақтың жүздеген би-шешендері жөнінде 4 кітап жариялады.

1996 жылы Жамбыл атындағы халықаралық сыйлық берілді. Екінші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және он шақты медальмен марапатталған.

Шығармалары: Қазақтың қанатты сөздері. А., «Жазушы», 1960, 1977; Современный казахский фольклор. А., «Мектеп», 1982; От кешу. «Қазақстан», 1982; Қырық хикая. «Жалын», 1985; Жүз жасаған бәйтерек. А., «Жалын», 1989; Сырлы семсер (ак. М.Қаратаев 80 жаста). А., «Жазушы», 1990; Алатау асқарынан жыр асырған. «Ғылым», 1996; Қазақтың жүз шешені. (1-кітап). «Алтын адам», 1992; Қазақтың жүз шешені. (2-кітап). «Жалын», 1993; Қазақтың жүз шешені. (3-кітап). «Қазақстан», 1995; Билер сөзі – ақылдың көзі. (4-кітап.) «Қазақстан», 1996.

Көп оқылғандар