Қошке Кемеңгерұлы
Қошке Кемеңгерұлы (Кемеңгеров Қошмұхамбет Дүйсебайұлы) - Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. 1896 жылы 15 шілдеде Ақмола облысы, Омбы уезі, Теке болысы, Қаржас ауылында дүниеге келген.
Алғаш Қисықтағы Қаржаста Белгібай молдадан дәріс алған. Мұнан соң Омбы приход школында, ветеринарлық фельдшерлік школда оқиды. 1913 жылы Омбы ауыл шаруашылық училищесіне түседі. Осында жүріп қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси ұйымы "Бірлікке" (1914-1918) мүше болып кіреді. Оның үні – “Балапан” қолжазба журналына (1916-1918) редакторлық жасайды. 1917 жылы сәуірде Д.Әділұлы, С.Сейфоллаұлы, т.б. азаматтармен бірігіп, Ақмолада қазақ комитетін құруға атсалысады. Осы жылы Ақмола облысы халық санағын жүргізуге қатысады. 1917 жылы күз-қыс айларында осы облыста Алаш Орда комитетін ашуға күш-жігер жұмсайды. 1918 жылы "Бірлік" ұйымы "Жас азамат" ұйымы ретінде қайта құрылғанда, оның мүшесі және ұйым аттас газеттің редакторы болып сайланады. 1918 жылдың аяғында ауыл шаруашылығы училищесін бітіріп, 1919 жылы Ақмола облыстық (Омбы) халық ағарту бөлімінің саны аз ұлттар ісі жөніндегі бөлімшесіне нұсқаушы болып қызметке кіреді. 1919 жылы желтоқсанда Сібір ауыл шаруашылық және өндіріс институтының медицина бөліміне оқуға түседі. Облыстық "Бостандық туы" (Омбы – Қызылжар) газетіне тілші ретінде қатысып тұрады. 1924 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің медицина факультетіне ауысады. Ташкентте ол бірден қызметке араласып кетеді. Мұнда "Ақ жол" газетінде, "Сана" журналында қызмет жасады. Сонымен бірге Орта Азия университетінде, Түркістан әскери училищесінде қазақ тілінен сабақ берді. Оның "Алтын сақина" пьесасымен 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ мемлекеттік ұлттық театрының ресми шымылдығы ашылған. 1924 жылы Мәскеуде басылған "Қазақ тарихынан" атты еңбегінде бодандық тұсындағы тарих зерделенген. Жазушы проза, драматургия, әдебиеттану, тіл білімі, педагогика саласына елеулі үлес қосты. 1930 жылы ОАМУ (САГУ) аспиранты болып жүрген жерінен М.Әуезовпен бірге тұтқындалды. Екі жыл Алматы абақтысында отырып, 1932 жылы Украинаның Валуйкіне жер аударылды. Бұдан 1935 жылы босанды. Оған Омбының Шарбақкөліне тұруға рұқсат берілді. Осында аудандық ауруханада дәрігер болып қызмет жасады. 1937 жылы 7 тамызда қайта ұсталып, жалған айыппен 21 қарашада Омбы қаласында атылған. Әдебиеттер: 1. Кемеңгерұлы Қ. Шығармалары (даярлаған Р.Рүстембекова). Алматы, 1995 2. Кемеңгерұлы Қ. Таңдамалы (даярлаған Д.Қамзабекұлы). Алматы, 1996 3. Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы (даярлағандар Д.Қамзабекұлы, О.Жұбаева). Алматы, 2005-2006 4. Кемеңгерұлы Қ. Қазақша-орысша тілмаш (даярлаған Д.Қамзабекұлы). Алматы, 2003
Көп оқылғандар
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Франц Кафка. Кезқұйрық
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Маржан Ершу. Пишта
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Сен маған керексің
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке