Тұрсынғазы Рахимов
Тұрсынғазы Рахимов 1951 жылы 15 қазанда дүниеге келген. «Өнер – тәңір сыйы» десек, бойға біткен қасиетті танып, оны дамыту, жан дүниені тебіренткен ерекше сезімнен туған ән ырғағын тыңдаушыға жеткізіп, көкірек көзін ояту екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Сәби болғым келеді» әнімен танымал, отыз жылдай қазақ даласын шарлап, өз өнермен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген, Семейлік әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Тұрсынғазы Рахимов - міне осындай өнер иесі. «Үш бақытым» деп Мұқағали жырлап өтсе, «үш ұстазым бар» деп Тұрсынғазы әркез мақтанышпен айтады. Өнер жолында үш дарын иесінен тәлім-тәрбие алғаны жайлы сөз кезегін сазгердің аузынан тыңдасақ: "Мен Жүсіпбек Елебековтың шәкірті болғаныма бақыттымын. Ол кісі үнемі айтатын, «сен сазгерлікпен айналысасың» - деп. Ол кісінің көрегендігі ме, мен он жылдан кейін ән шығара бастадым. «Сені асырайтын қара домбыраң» дейтін екінші ұстазым Есімхан Обаев. Ол маған талай роль беріп сахнаға шыңдады. Сахнаға шығу үшін де шеберлік керек. Үшінші ұстазым – композитор Теміржан Базарбаев.1979 жылы алғаш әнім «Сәби болғым келедіні» жазғанда ақ батасын беріп, көп тәрбиелеген тәлімгерім еді...» 1993 жылы желтоқсан айының басында Алматыда сазгердің шығармашылық кеші өтті.1994 жылы Тұрсынғазының «Сәби болғым келеді» деген атпен әндер жинағы шықты. Жинаққа «Әнге ғашық жүрек» деген алғысөз жазған ғалым, зерттеуші Төкен Ибрагимов.Осы жылы әнші Қытай еліне арнайы шақырумен барып, Үрімжіде өнер көрсетіп қайтты. Әр әннің өз тағдыры, өз дауысының бояуы, жүрек лүпілі болады. Иісі қазақ жұртының қан тамырындай бүлкілдеген сол бір нұрлы айшықтың ішінде сазгердің де өз үні бар. Оның әндерінің жол табуына себепкер болған адам – Мұқағали Мақатаев. Арқалы ақынның аруағы Тұрсынғазының талантын әлі күнге жебеп келеді. Осы уақытқа дейін ақынның он беске жуық өлеңін әнге қосты. Оның «Дариға, домбырамды берші маған», «Отыздан асып барамын», «Мен сені сағынғанда», «Санаулы күн» , «Нені аңсаймын», «Я, жаратушы Аллам», «Қазағым-ай», «Аягөз ару» т.б. әндері жан дүниеңді тебірентетін дүниелер. Әр әннің өзінің шығу тарихы болады дегендей, сазгердің «Батыр баба - Қабанбай», «Ән атасы - Әміре», Әсетке арналған «Сағынбасқа не шара», Кейін Жәнібектен көз жазып қалған шақта Несіпбек Айтұлы екеуі «Ақбөкен» әнін шығарса, бертінде Есенғали Әділбековтың өлеңіне «Әнің қайда, Жәнібек» әні туды. 2004 жылы Тұрсынғазы Рахимовтың «Нені аңсаймын» деген ән жинағы жарық көрді. Жинақта ақын-журналистердің Тұрсынғазы жайлы туындылары орын алады. Жүсіпбек Елебековтың әншілік мектебін ұрпаққа үйретіп, Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжінде ұстаздық еткен Тұрсынғазы Рахимов - өнер шырағын келер ұрпаққа жеткізген тәлімгер.
2016 жылы 26 ақпанда өмірден өтті.
Әдебиеттер:
- Дүйсенбек Ә. Сәби сезім, сыршыл жүрек // Егемен Қазақстан.-2004.-3 шілде.-8б.
- Дәуренбеков М. Семейден ұшқан бір түлек: (Әнші Т. Рахимов туралы)// Семей таңы.-1976.- 9 желтоқсан.
- Жұртбаев Т. Сырлы сазгер // Халық кеңесі.-1993.-9 ақпан
- Жұртбаев Т.Тұрсынғазы туралы сыр ( сазгердің шығармашылығының 20 жылдығыны орай( // Семей таңы.-1993.-1993.- 16 қаңтар
- Зүкенов М. Сазгерге балуан сый тартты .- Семей таңы.-1999.-8 шілде
- Ибраев М. Аққумен әнін қосқан // Семей таңы.- 1991.-6сәуір
- Иманбаева А. «Сәби болғым келеді». //Мәдениет.-2010.-№4.-Б.17-19
- Рахимов Т. Нені аңсаймын..-Өскемен Медиа-Альянс,2004.-180б.
- Қамбаров Ж. Т. Рахимов.- Алматы, 2004.-196б.
- Рахимов Т. Сәби болғым келеді: әндер жинағы. Алматы «Атамұра»,1994-64б.
- Рахимов Т.Өнерім-өмірбаяным //Егемен Қазақстан.-2001.-30 қараша
- . Cабырбай Қ. Тұрсынғазының әндерін шырқады // Семей таңы.-2004.-10 желтоқсан.-4б.
- «Еркежирен» әнінің авторы. (Т. Рахимов) // Семей таңы.-1990.-9 қаңтар
- Семей сазгерлері: Био-библиографиялық естелік.Семей, 2006.-18б.
Көп оқылғандар
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жасанды интеллект және әдебиет
Би өнерінің биігіндегі «Наз» театры
Рудольфио. Аманат
Міржақыптың музыкалық мұрасы
Алаш аудармасын жаңғыртқан
ХХ ғасыр басындағы білім мен мәдениетке ұмтылыс
Таласбек Әсемқұлов. Күй өнерінің болашағы
«Парасат майданы» спектаклінің премьерасына шақырамыз
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Жүрекке сіңген сарын жоғалмайды
Жақсының көзі...
Асқар Алтай. Руханият Розасы
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Қабиден Қуанышбай. Аққыз
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Ерлан Аманқожаұлы. Ақынның ақырғы күні
Бір күні бәріміз оянармыз