Әмен Қайдаров
Әмен Әбжанұлы Қайдаров (1923-2015) - суретші және анимациялық кино режиссері, қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Қарағанды облысында туған. Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеудегі Кинематография институтының көркемсурет бөлімін бітірген. «Қазақстан әйелдері», «Ара» журналдары редакцияларында істеген. 1965 жылдан «Қазақфильм» киностудиясында қызмет атқарған. 1976-1981 жылдары Қазақстан Кинематографияшылар одағы басқармасының мультипликациялық кино және шығармашыл жастар арасындағы жұмыс жөніндегі хатшысы болған. 1967 жылы Қайдаровтың салған суреті бойынша «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильм жасалған. Аталмыш туынды Санкт-Петербор қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальда, Нью-Йорк қаласында өткен Халықаралық мультипликациялық фильмдер фестивалінде жүлдеге ие болған. Сондай-ақ оның «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр құрылысшы», «Жанар», «Күн сәулесінен пайда болған көжек», «Қырық өтірік», т.б. мультфильмдері бар.
«Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
