Молдағұлова Әлия
Әлия Молдағұлова 1925 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысының Қобда ауданы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Ол 7 жасында анасынан айырылып, нағашы ағасы Әубәкірдің шаңырағында тәрбиеленеді. 1935 жылы ағасы Әскери-көлік академиясына оқуға түсіп, кішкентай Әлияны отбасымен бірге алып кетеді. Ағасымен бірге кішкентай Әлия еліміздің бірнеше қалаларында болып, 14 жасынан Ленинградтың Охта ауданындағы балалар үйінде тәрбиеленеді.
1941 жылдың қыркүйегінде Ленинград қоршауда қалады. Әлия өзімен қатарлас оқушылармен бірге Невадағы қала төңірегіндегі қорғаныс бекіністерін салуға қатысады. Ол аянбай жұмыс істеп қана қоймай, басқаларды қолдап, жігерлендіреді. Қайсар мінезі үшін 1941 жылдың қарашасында Әлия Молдағұлова сол кезеңдегі жетекші жастар ұйымы - комсомол қатарына қабылданады.
1942 жылғы наурыз айында балалар үйі Ярославь облысына көшіріліп, Әлия мектепті сонда бітіреді. Ол сол жылы Рыбинск авиациялық техникумына қабылданып, онда 3 ай оқиды. Әлия оқып жүргенде майданға бірнеше рет сұранады, бірақ өтініші қабылданбайды. 25 қазанда Әлия 17 жасқа толып, тура бір айдан кейін «майданға аттануына байланысты» деген негіздемемен техникумнан шығарылады. Осы сәттен бастап Әлия Молдағұлованың қысқа болса да жарқын, қаһармандық жолы басталады.
Әлия Мәскеу түбіндегі Вешняки ауылында орналасқан мергендерді даярлайтын орталық мектептің алғашқы жасақталған тобына алынады. 1943 жылдың шілдесінде 22-ші армияның 54-ші арнайы атқыштар бригадасында мерген болып, әскери қызметін бастайды. Әскери мұрағатта оның майдандастарының естелігі сақталған. Я.К. Прокопенкова «біздің бригадаға мерген Әлия Молдағұлова келді. Қазақстаннан келген талдырмаш денелі және өте сүйкімді қыз. Ол бар-жоғы 18 жаста еді, бірақ қазан айына дейін оның есебінде 32 өлі фашист болды», - деп еске алады. Н.А.Матвеева «Лия екеумізді төртінші батальонның бір взводына орналастырды. Біз, мергендер, тапсырмаға жұппен баратынбыз, бізде алдын-ала дайындалған позициялар болатын. Сонда немістерді қарауылға түсіргенше отыратынбыз. Жаудың оғы мен миналары төніп жататын. Лия осындай сәттерде ержүректілік танытатын. Ол фашистерді қырып қана қоймай, ұрыс алаңынан жараланғандарды сүйреп әкеліп алғашқы медициналық көмек көрсетіп жататын», - деп еске алады.
1944 жылдың қаңтар айының басында Ленинград-Новгородтық операция кезінде 54-ші атқыштар бригадасы майданды бойлай Новосокольники қаласына (Псковск облысы) қарай маршпен алға шығады. Онда олар жаудың қорғанысын бұзып, қаладан солтүстікке қарай алға жылжиды. Мерген Әлия Молдағұлова қызмет еткен 4-ші батальонның саяси жетекшісі Г.В. Варшавскийдің естелігі бойынша, бригаданың бөліктері Насва бекетіндегі темір жолға шыққанда жау оғының астында қалады. Түнде шабуылға арналған негізгі шекараларға орналасып, кеңес жауынгерлері 1944 жылғы 14 қаңтардың таңында шабуыл жасайды. Әрекеттерін мергендер көлегейлеп жүрген батальонға Насва бекетінің ауданындағы Новосокольники-Дно темір жолын кесіп өтіп, Казачиха ауылына басып кіру тапсырылған. Қорғаныстың алдыңғы шебі сәтті бұзылғанымен, кеңестік шабуылшылар неміс әскерінің жауапты атысына төтеп бере алмай қалады. Осындай күрделі сәтте Әлия Молдағұлова «Жауынгерлер, алға!» деген ұранмен, алға ұмтылады. Кеңес әскерилері оның артынан шабуылға шығады. Қарсылас жау бұрынғыдай белсенді жауап қайтарып жатады. Күні бойына жалғасқан ұрыста Әлия үш рет жаудың шабуылына тойтарыс береді. Минаның жарықшақтарымен қолы жараланғанымен, ол немістердің орында қоян-қолтық ұрысады. Қазақтың батыр қызы осы жерде өмірін қиған екінші жарақатын алса да, фашист офицерін жер жастандырып үлгереді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 4 маусымдағы қаулысымен көз жұмған Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұловаға Кеңес одағының Батыры атағы берілді.
«Отан үшін, алға!» майдандық газеті Кеңес одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігіне мақала арнайды. Онда ержүрек комсомол мүшесінің бірнеше рет жауынгерлерді шабуылға шығарып, ордағы шайқасқа қатысқанын, кеңес жастарының ізгі де асыл қасиеттерін бойына сіңіргенін баяндалады. Оның жарқын ғұмыры – майдандағы жауынгерлерге үлгі. Жазба «Қазақтың жауынгер қызы Әлия Молдағұлованың есімі – жеңісіміздің сәулесін мәңгілікке нұрландырады» деген сөздермен аяқталады.
Көп оқылғандар
Адам санасындағы абақты үрейі
Жарық пен сызық
Дидар Амантай. Кестелі сөздер...
Ақерке Асан. Өзіңді жұбатқым келеді...
ШЫРҒАЛАҢ КЕЗЕҢ ШЫНДЫҒЫ
«Қазақтың қатесі – Абайды сабатқанында...»
Тігінші (Новелла)
Дулат Исабеков. Әдебиет жаңашылдыққа ұмтылуы қажет...
Парижден кейінгі соқпақ...
Жас әдебиетшіге хат...
Жұмабай Шаштайұлы. Қазір ең қорқынышты нәрсе - оңай жазу
Кемердегі кемеңгермен кездесу
Адам санасындағы абақты үрейі
Арман Әділбек. Қожа кім немесе қазақ протесті
«Бір ел – бір кітап»
Тоқтарәлі Таңжарық. Түс көрген жандар
Айгүл Кемелбаева. Тірісінде айтылмаған сөз... (Эссе )
Мақпал Мыса. Париж жырлары
Ролан Барт. Шығармадан – мәтінге дейін...
«Фариза Оңғарсынова. Таңдамалы» жинағының тұсау кесері өтті
Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ. Жаңа жыл кешінде (әңгіме)
Жаңа жылға жақсы тілек
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Гүлнар Ізтаева. Тағдыр өзгере ме?
Жақсының көзі. Самал Соқпақбаева
«DALA DAUYSY» республикалық конкурсының жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімі өтеді
Қош, қазақтың арда ұлы
Толқын Ахметбекова. АБАЙТАНУДАҒЫ ЖАҢА СӨЗ