Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
З
Зәмзәгүл Шәріпова

Зәмзәгүл Шәріпова

Зәмзәгүл Шәріпова
Рейтинг:
Өмірбаяны

Кеңестік және қазақстандық кино және театр актриса — Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова 1931 жылдың 31 тамызында Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі (1966). 2005 жылы Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан орденімен» марапатталған.

 

1948 жылы Алматы театр училищесін бітірді. Сол жылдан бастап Қазақфильм студиясында және Қазақ радиосында қызмет етіп, дубляж бен радиоқойылымдарға қатысты. 1953 жылы М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды. Сол уақыттан бері үзіліссіз осы театрда қызмет ететін, актерлік диапазоны кең актриса ұлттық драматургия бен дүниежүзілік классикадан сан қырлы 100-ден аса бейне сомдады.

 

Қазақ мемлекеттік академия драма театрыда алғаш ойнаған рөлдерінің бірі — Ә.Әбішевтің “Кім менің әкем?” атты драмасындағы Лағыл (1957). Бұдан кейін Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Айман (М.Әуезов, Айман - Шолпан), Айжан (С.Мұқанов, Шоқан Уәлиханов), Дездемона ([[Шекспир|У.Шекспир, Отелло) сияқты арулар бейнесін жасап, лирикалық сезім-бояуы мол актриса екенін танытты. Әсіресе, Шәріпованың шығармалық өнер ғұмырнамасында Қарагөз (Әуезов, “Қарагөз”) рөлі үлкен орын алады. Бұл рөлі арқылы актриса жас ару Қарагөздің борыш пен сезім арасындағы аласұрған жан қайғысы мен трагедиялық тағдырын психологиялық-эмоциялық тұрғыдан зор шеберлікпен ашып, ұмытылмас толыққанды сахналық бейне жасады. Шәріпова драмалық, өткір мінезді, комедиялық рөлдерде де ойнап, өзінің сан қырлы сахна суреткері екенін байқатты: Қарлығаш (Әуезов пен Л.С. Соболев, Абай), Дәмеш (Ә.Тәжібаев, Көңілдестер; Ш.Хұсайынов, Қилы-қилы тағдырлар), Нұрсұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев, Беу қыздар-ай мен Ой, жігіттер-ой), Пүліш (Б.Майлин, “Майдан”), Ажар, Валентина Николаевна (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал” және “Кемеңгерлер мен көлеңкелер”), Айша (Т.Ахтанов, “Сәуле”), Назгүл, Гүлзар, Фариза (Әбішев, “Күншілдік”, “Белгісіз батыр” мен “Кәусар”), Бикеш (Қ.Мұқашев, “Парторг”), Айнаш (Ш.Құмарова, “Кімнің тойы?”), т.б. Ш. әрбір рөлімен өзіне тән әдемі де әрлі, баурап алар тартымды, ашық та айқын дикциясы, әсерлі де әуезді әншілік пен эмоц. тебіреніске толы дауыс үні мен пластик. қимыл-әрекеті арқылы көркем сахналық бейнелерді шынайы кескіндеді. ТМД және шет ел драматургиясының туындылары бойынша қойылған спектакльдерде де ерекше көзге түсті: Саттыхан, Бахри (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі” мен “Күйеу”), Үкібала (Ш.Айтматов, “Ғасырдан да ұзақ күн”), Эллен (И.П. Куприянов, “Вьетнам жұлдызы”), Каплан (А.Я. Каплер, “Ленин 1918 жылы”), Ганна (А.А. Дударев, “Кеш”), Елена (А.М. Горький, “Күннен туғандар”), Анита (В. Дельмар, “Өкінішті өмір”), Әкім әйел (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), т.б. Кезінде ол көптеген дубляжға және радиоқойылымдарға қатысып, көркем сөз оқумен де (Әуезов, Мүсірепов, С.Сейфуллин, т.б. жазушылардың шығармалары) шұғылданды.

Көп оқылғандар