Аталық Әбдешұлы
Аталық Әбдешұлы 1945 жылғы 13 қазанда Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Алматы жоғары партия мектебін журналистика мамандығы бойынша бітірген.
1976-1990 жылдарда Маңғыстау облыстық телевизиясында аға редактор, облыстық «Маңғыстау» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеген.
1991 жылдан қазірге дейін (2024 ж.) Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік тіл аудармашысы-сарапшысы болып істейді.
Облыстың мемлекеттік органдарында іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруге, қалыптастыруға және қолданылу аясын кеңейтуге лайықты атсалысқан. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
«Мен де бір қазақ:...», «Іздеген бақты ісімнен», «Жарық дүние жымию үшін де жаралған», «Айдынды аймақ Маңғыстау», «Годы и судьбы», «Адамдар. Қадамдар...», «Екі ауыз сөз», «Пайымдарым» атты кітаптары жарық көрген. Бір топ өлеңдері «Маңғыстау ақын-жазушыларының» 50 томдығына енгізілген. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2001 ж.); Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен (2019ж.) марапатталған.
«Үздік аудармашы» Тұңғыш республикалық конкурсының жүлдегері – жоғары кәсіби шеберлігі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің Дипломына; «Туымыз – Тәуелсіздік» фестивалінде режиссер І. Сәрсенғалиевтың «Бойтұмар» және «Бойтұмардың оралуы» көркем фильмдері үшін (І.Сәрсенғалиевпен бірге) 1 дәрежелі Дипломына, «Каспий – достық теңізі» Халықаралық фестивалінің Дипломына ие болған.
Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан лайықты үлесі және адал еңбегі үшін Мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен және көптеген мерекелік медалдармен наградталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
