Жұбан Тасар
ЖҰБАН ТАСАР
Айтыскер ақын Жұбан Тасар 1937 жылы 15 наурызда Ақтөбе облысы Байғанин ауданында туған. Алматы кооператив техникумын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын Байғанин аудандық тұтынушылар қоғамында бухгалтерліктен бастаған. 1965-1970 жылдары аралығында аудандық, Ақтөбе облыстық ақындар айтысына қатысқан.1968 жылы Қазақ поэзиясының Қарақалпақстандағы Күндеріне қатысып, оның өлеңдері сол елдің арнайы жүлдесімен аталып өтілген.
Маңғыстау обысына қоныс аударып, 1975-1997 ж. «Жетібайнефть» МГӨБ Жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің бас бухгалтері, «Маңғыстаусельстрой» тесінде ревизор, «Маңғыстауаудит» акционерлік қоғамында аудит болып істеген. Қалалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері.Оның өлеңдері, публистикалық шығармалары республикалық, облыстық газеттерде жарияланған.
«Ұлан» газетінде ерте кезде Артығали деген баланың шетелде шахмат өнерін үйренгені жайындағы әңгімесі жарық көрген.
Есімі «Маңғыстау энциклопедиясына», «Қазақстанның электрондық энциклопедиясына» енгізілген.
«Менің елім» атты өлеңдер жинағы «Кітап» сайтында үздік кітаптар қатарында арнайы платформаға салынған.Бір топ өлеңдері «Маңғыстау ақын-жазушыларының 50 томдығына» енгізілген. Абайдың 175 жылдығында Қазақстан Ұлттық электрондық кітапханасымен Жұбанның «Абай – шың, бұлт ұялы, кеудесі күн», – деген өлеңі үздік өлеңдер қатарында аталып өтілген.
Ұзақ жылғы адал еңбегі мен шығармашылық жетістіктері үшін мемлекеттің «Еңбек ардагері» медалімен, шығармашылық табыстары мен мемлекеттік тілді дамытудағы жетістіктері үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің Алғыс хатымен және Ақтау қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.
Ол ұзаққа созылған ауыр науқастан 2014 жылғы 9 шілдеде қайтыс болған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
