Абайдың Қасқабұлағы
Қазақ өлеңіне 80-ші жылдары өз даусымен, өзіндік өлең өрнегімен келген Бауыржан Жақып есімі қазіргі таңдағы жырсүйер қазақ қауымына кең танылып жүр. Бауыржан 2004 жылы Түркиядағы Стамбул, Әзірбайжандағы Баку шаһарларында өткен және 2007 жылы Түркияның Елазығ, Македонияның Скопье қалаларында өткен «Хазар жыр ақшамдары» поэзия фестивальдерінде қазақтың қара өлеңін бүкіл түркі дүниесіне таныстырып, лауреат атанып қайтты. Ақынның бұл кітабына тәуелсіздік жылдары жазған таңдаулы шығармалары енгізіліп отыр. Оның поэзиясы ұлттық бояуының қанықтығымен, қазақи дәстүрден тамыр тартқан көркемдігімен және қарапайым халыққа түсініктілігімен, ақыл мен сезім пернелерін егіз өргендігімен де ерекшеленеді.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.