Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Физика әлемі: Пәндік энциклопедия
Физика әлемі: Пәндік энциклопедия
Рейтинг: 4
Автор:
ISBN:
978-601-7472-41-2
Беттер саны:
640
Физика әлемі: Пәндік энциклопедия
«Физика әлемі» пәндік энциклопедиясы – ана тілімізде тұңғыш рет шығарылып отырған 2 томдық жинақ. Энциклопедияда әрбір ұғым мен түсінік кең ауқымды, егжей-тегжейлі, терең мазмұнды болып баяндалып, физикалық құбылыстардың құпия сырлары қалыптасқан теория аясында түсіндірілген. Осы тұрғыдан алғанда «Физика әлемі» пәндік энциклопедиясы тек мектеп оқушыларына ғана емес, физика мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындары студенттеріне де ортақ болмақ. Сонымен қатар физика пәнін тереңдетіп оқытатын мектептер мен лицейлердің оқушыларына көп көмек тигізбек. Физика пәні мұғалімдеріне оқулықтан тыс мағлұматтар беретін құрал ретінде де пайдалануға лайықты басылым екені сөзсіз.

Табиғат құбылыстарының (мысалы, найзағай, аспанның күркіреуі, кемпірқосақ, Күннің, Айдың құлақтануы, поляр шұғыласы, сағым, т.б.) пайда болуын білгісі келетін физика әуесқойларының және көпшілік оқырманның танымдық білімін арттырады.

Көп оқылғандар