Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Ер Қосай
Рейтинг:

ЕР ҚОСАЙ - батырлар жырларының бірі. Жырда 14 - 15 ғасырда өмір сүрген, тарихта белгілі Ер Көкше батырдың баласы туралы баяндалады. Жоңғарлардың қазақ даласына шабуылы 17 ғасырда басталады, яғни жырдағы соғыс оқиғалары осы кезден кейін қосылған сияқты. Жырдың бірнеше нұсқасы бар:

а) В.В. Радлов орыс әрпімен қазақ тілінде бастырып шығарған Ер Көкше жырында көбінесе қара сөз араласып келеді. (Образцы народной литературы..., СПб.. 1870). Осы еңбектің үшінші томында жыр Көкше жайында басталғанмен, негізінде Ер Қосай туралы баяндалады;

ә) Ер Көкше және оның баласы Ер Қосай деп аталатын нұсқаны Г.Н. Потанин орыс тілінде жариялайды (Казахкиргизские и алтайские предания, легенды и сказки, 1918). Бұлардан басқа біздің заманымызда жазып алынған А.Хангелдин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев нұсқалары, атақты жырау Мұрын Сеңгірбаев жырлаған нұсқа сақталған. Жырдың барлығының мазмұны ұқсас, негізгі тақырыбы - Отан қорғау, идеясы - ел бірлігін сақтау. Ш.Уәлиханов Қазақгың халық поэзиясының түрлері атты мақаласында (1958) Көкшетау округіндегі Қойлы-Атығай болысының қазағы Арыстанбайдың орындауында Ер Көкше - Ер Қосай жырын естігенін айта келіп, жазып алмағанына өкініш білдіреді және дастанды жоғары бағалайды. Е. Қ дастанының әр жылдары жиналған 7-8 нұсқасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.

Көп оқылғандар