Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Ерлан Ясын


Алматы обылысы

Түрме халы

 

(Ақын Таңжарық Жолды рухына)

 

Ертеме еді,

Кеш пе еді,

Қай тұс еді?

Ол кездің қызыл ала қан түс-өңі,

Биіаке құмар едің құлап түстің,

Ұзін ағашқа алдымен жәй түседі.

 

Төкпеді онда саған шуағын күн,

Болжаған ол иттердің сұрағын кім.

Тамұққа тірі салса тіл тартпадың,

Баласы ең заржақ туған бір ауылдың.

 

Баласы ең бір ауылдың заржақ туған,

Тағдыр ғой естілерді таңдап қуған.

Жұлдызды терезеден санадың ба,

Сол тесік екі өмірді жалғап тұрған.

 

Жсрығы айналаңның біткен,  сөнген,

Төбеңнен қараңғылық күшпен төнген.

Жорыдың жақсылыққа ояна сап,

Түсіңде қызығы жоқ ит көргеннен.

 

Әредік әнге ат басын бұра бастап,

<Елім-ай>ға дауысың шығар асқақ.

Еліңді ойлап,  елдегі жарыңды ойлап,

Көңіліңді жұбаттың құмалақ сап.

 

Тағдыр солай құлақтан ақсатады ә,

Ұл болған бөрі кеуде жақсы атаға,

Сөз құнын түсінетін қайран ерлер,

Тар есік бас қостырды,  тас босаға.

 

Намысың қайрай-қайрай тікке өрлепті,

Қылыштай қызыл тілің күш бермепті,

Сетік көк тақымыңнан шыққаннан соң,

Асығың алшысынан түспей кетті.

 

Елім! -деп кірсеңде отқа кең құрсаған,

Белгілі бергені де елдің саған.

Қысқа жіп күрмеуіңе келмеп еді,

Күрмем алып,  шеше алмай қойдың содан...

 

 

Ван гогтың ақырғы хаты

 

Күркіредім мен неге,

Сіркіредім,

Бояу шашып қаламды сілкіледім,

Мына суық әлемнен жылу іздеп,

Сенің суық қойныңа мың түнедім.

 

Басып едім мен ғана желігіңді,

Көкіліңді қай сайтан кері бұрды.

Қыршып алып ернімді,

Боясам ба

Ернімнің табі қалған ерініңді.

 

Өрттей жанып барады күйіп ішіп,

Құдайға аян жалғыз-ақ күйінішім.

Содан бері ермегім елес қуып,

Сурет салу...

Сүю...

Ішу...

 

Бұл тірлікті ойласам өрт ішемін,

Бояу езген құтымдай ойқыш еді.

Жақсылықты құдайдан тілесем бе,

Килікпейтін ісі жоқ,  қойшы,  соны...

 

Жер жарылып,

Тау шөгіп,

Аспан түспей,

Езілемін қиуы қашқан түстей,

Құлағымды бір итке кесіп бердім,

Мен секілді ол да бір аш байқұс қой.

 

Жаз өмірім барады күзге алмасып,

Қырау шалып, ендеше,  мұз болмасын.

Қорғасынмен жүректен тесік ашам,

Сені сүйгендігімнен із қалмасын.

 

Пойездегі баллада

Релистер жалықпайтын әуеннен,

Вагондардың доңғалағы ән емген.

Өлең ғана кірпігін зор қағады,

Жалғыздықтан басқасының бәрі өлген.

 

Қаңғылестеп жүргенменен бес күнде,

Жалғыздығын мойындамс ешкім де.

Мынау өлі тыныштықты өлтіріп,

Кеш кірген...

 

Вагон ішін қял жәйлап ескірмес,

Тұңғиыққа шомып алған ес білмес,

Жалғыздықтың қанатының сусылы

Гуілдейді...

Өзге дыбыс естілмес.

 

Жегідей жеп тұрмаса да ой әлі,

Жалғыздықты,  қялды да қой әрі.

Ұйқтап жатқан Грузин қыз кеудесі

Дір-дір етіп қояды.

 

Одар өзге қызық жоқ бұл вагонда!

 

 

Көп оқылғандар