Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ПОЭЗИЯ
/
Айдана Қайсарбекқызы. Мен мұны сыбырлап қана айтам...

Айдана Қайсарбекқызы. Мен мұны сыбырлап қана айтамын

30.01.2026

5104

Айдана Қайсарбекқызы. Мен мұны сыбырлап қана айтамын - adebiportal.kz

Нилгүн Мармара деген ақын болған. 

«Бұл өлең – ...

Мен құрастыра алмаған сұлу әлемнің үнсіз көрінісі, 

Қол жетпес сәттердің мойынсұнған сәулесі...

Сол сәуле

Сіздерге махаббатпен тіл қатады қазір!» - деген жолдары бар ақынның.  Айдана Қайсарбектің мына бір топтамасын оқып отырып, «Шешеңдей ұрысқақ тағдырдың жылап тұрғанын» көзге ілмей-ақ, өзі құрастыра алған сұлу әлемнің сыбырлап жатқан көрінісі көз алдыма келді. Сол әлем:

«...Жалғыздығымның басынан сонда сипалап, 

Жымиясың бір, жасымды менің сый санап. 

Сонда ойнап тұрар мен туралы бір сазды әуен, 

Сенде ойнап тұрар махаббат дейтін күйтабақ..» - деп сыбырлап тұрғандай... Ендеше, Айдана Қайсарбектің алдарыңызға ұсынылып отырған «күйтабағын» сұлу әлемнің сыбыры деп оқыңыздар!.. Топтама «Жалғыздығымыздың басынан сипаған» барша адамзат бауырларымызға арналады.

Қарлығаш ҚАБАЙ

 

***

Өзөуреген өткөлсіз өзөн боламын,
Екпініме, сірә, бұл төзөр ме адамым?!
Сүймеші деп азар да безер боламын.
(Бірақ сен сүй!)

Мен сүйөтін Тәңірге табынба дейді үн,
Көрсөтпеймін болғанын жанымда кей мұң.
Қайтесің деймін тағы да, сағынба деймін.
(Бірақ сен сағын!)

Нені ұтасың шеккенде қыздан қасірет?!
Айттым қашан жырыңды бізге арнашы деп?
Мен жәй айта саламын қызғанбашы деп.
(Бірақ сен қызған!)

Анау жаққа оңай ғой қайтуұм бір күн,
Сынаптайын сырғиды жәй күнүм, шіркін.
Кім шақырды сені деп айтуұм мүмкүн.
(Бірақ сен кел!)

Осы өзгөлер өзүнше өртенет не деп?
Жалқаулыққа жаныңды желкелетпе көп.
Ашуланам мен бәлкім еркелетпе деп.
(Бірақ сен еркелет!)

Білемісің, дәл бұлай есірмеп едім,
Сезімі үшүн талайды кешірмегемін.
Саған да осұ оп-оңай өкүнбе деуүм,
(Бірақ сен өкүн!)

Өзөуреген өткөлсіз өзөн боламын,
Екпініме, сірә, бұл төзөр ме адамым?!
Сүймеші деп азар да безер боламын.
(Бірақ сен сүй!)

 

***

Маған ұнайтын жалған тәкаппарлығың,

Ауұр жүрүсің мен

Қопал қимылдарыңды;

Маған ұнамайтын қызғанышың,

Білместік, пен ақымақтықты

Бір демге сыйдырғаныңды...

 

Мен асығыс кездерде жібермегеніңді,

Сен асығыс кездерде жібермегенімді;

Білмейтініңді білем дегенімді,

Білмейтінімді білем дегеніңді...

 

Алақаныңа көтөргеніңді,

Болашағыңа әкелгеніңді;

Айнымасқа серт еткеніңді,

Есі кеткендей ерке еткеніңді...

 

Бәрін! Бәрін!

Бәрін бір ғана жақсы өлөңге қиған едім.

Қинап едім. Көрмөймісің...

Жаза алмай қойдым,

Жаным!

 

***

Кредо көрмөгем көзүңнен көрнөкті,

Нем кетті?!

Аоротанатос махаббат аңқиды, 

Сүймөсө неғылсын Ескендір жер-көктү?!

 

Эллада ел ғана сұлұуын ерке еткен,

Өртөткөн Стинагордың да өштүгін.

Данагөй секілді жан үшүн жол шеккен,

Көрсөткен құдайдың құлдарын;

Бел шешкен аруға қарайтын ұрланып,

Жер тепкен ақындай сұрланып

Сүйөйүк ғаламды!

 

Тек, күнүм, ұмұтпа,

Сезімнің мазаққа қалдырмас әні үшүн,

Панторпа бола алсам сен айтқан мән үшүн,

Жауапсыз сезімнен құмарлық қашпас па,

Ашпас па Тельгорин құшағын тым жұмбақ?!

Сүйкүмді сұлұудың сырғасы сыңғырлап,

Миыңнан мінді ұрлап кетпесін?

Әйтпесе, сезім көп жыр қылмақ...

 

Ал, енді түсүснгін – 

Барынша кішірдім.

Кісімнің Анайтис секілді

Балқыған жүрөгін келеді өзүме ұсұңғұм.

Құсұңмұн құсұйқы тағдырлы.

Түсіндің?!

 

***

Мен мұнұ сыбырлап қана айтам,

Сен бірақ тыңдамай құлақ түр:

«Ғаламмен тыныстап,

Ажалмен адымдап,

Ғұмұрым сыртынан

Мұңұмдай мамырлап,

Шешемдей ұрұсқақ

Солқұлдап бір тағдыр тағы да жылап тұр.

 

Бәлкім ол ана ма,

Кім білсін, тек дәуүр – 

Тәп-тәуүр малшынып мадаққа

Күлер ме мақұлық біздерге.

Күлмеске бола ма?! 

Қарындас, жат бауұр

Жер дейтін одақта

Тәңірін әліге іздеп жүр мұз кеудем...

 

Кетердей қайта өсүп,

Кетердей аспанды ой тесіп

Ақылға қашанғы наз айтып жылармыз?! 

О боста сөз ұлұ болған соң

Тек әкең атанды ең ұлұ адамзат.

Не қайран қылармыз ал бірақ бұған біз?»

 

Күдүкті ертеңнен күлкүлі түк те жоқ,

Бүкпелеп үмүтті нетерміз

Сенсек те барына бақыттың...

Бір таңның атарын күтөрміз аңсаған.

«Ал, мейлі!

Сөйлөйік сезімге сүйөнбей:»

Сен мені күтпе тек...

Кездестік бекер біз,

Ғазалы бекер іс ғашықтың!

«Деп қазір айтқам жоқ мен саған»

Тыңдашы!

«Сүйөм ғой!»

 

***

Жалғызсырап жатып
Ойлайтыным...
Мені осы...
Құс алып кетсе ғой!
Құс алып кетсе ғой аспанды тіреп төбөсі.
Түс алып кетсе ғой!
Түс алып кетсе ғой келесі.
Күш алып кетсе ғой күй шертіп тұрған көбөсі...

Шаршадым!

Айтатын шақта бәрінен сөздүң абайлап,
Алдыңда сенің шекпеймін және көп айбат.
Аңсадымдейсің...
Шаршадымдейсің...
Аңсадым мен де...
Шаршадым мен де...
Бұдансоң
Кетемін деймін жалғыздығымды көп ойлап.

Бәріне қолдұ сілтемекшімін жоқ қылып!

Бәріне қолдұ сілтемекшімін жоқ қылып!..
Бәріне қолдұ сілтемекшімін деп тұрұп...

Жаза қаласың...
Жаза қаласың:
«Ботам-ау!
Жолұғатын күн...
Жолұғатын күн қашан-ау?»
Өлүп қап сонда тірілген адам секілді,
Көзүмнен тамар жас анау...

Жалғыздығымның басынан сонда сипалап,
Жымиясың бір, жасымды менің сый санап.
Сонда ойнап тұрар мен туралы бір сазды әуөн,
Сенде ойнап тұрар махаббат дейтін күйтабақ...

Билеп жүрөміз қолұмыз қолға тиместен,
«Басқамен бұлай билеп пе ең?!»
Көзүміз көзбен сүймөстен,
Бетіміз беттен күймөстен...

Сондағымыз ақымақтық...
...жоқ,
Сағынысқандық.
Алшақтық...
Алыстық...
Аулақтық...
Жырақтық...
Қашықтық...
О, бәлкім, бәлкім ғашықтық!

 

***

Жолдарымның маңғаздығын жеңбесең/
Жолдарыңның маңғаздығын жеңбесем...
Армандап отұра беретінімізге,
Көн деген құдайға көне беретініміз де -
Сезім.
Көз жасым сіңген көңүлүңді тербесем,
Көз қуанышың боп көрмөсем
Өзүм.

Өзүм-ақ бәрін жеңе алар ем ғой,
Өзүм-ақ толқұн бола алар ем ғой -
Жөнүне айдаса ағын.
Өзүм-ақ тегі төгө алар ем ғой -
Жыл, жырға толұп, талғанда жағым.
Өзүм-ақ, бәлкім, өлө алар ем ғой...
Өлө алмас па едім,
Жаным!?

Арманына сенбей ақылыңның,
Жалбыз көмкерген жағаңа жасырындым.
Жүгү жеңіл кісідей желе де алмаймын енді
Ойыма жетелеген «мақұлұмсың»/
Тойыңа жетелеген «мақұлұңмын»...
Сенің!

 

***

Көз ілгендей ала алмасам шын дамыл,

Тілеуүмді неге етпейсің бір қабыл?

Батылырақ бола салшы сен өзүң,

Ақылдырақ болу маған мүлдө ауұр.

 

Торғұндай-ақ төзүм жүйкөм тозбасын,

Торғауыттай төзүм жүйкөң тозбасын.

 

Тоқымыңды жамылайын тоңғанда,

Иығыңа төгүлейін толғанда.

Тағы еркелеп отұрар ем жан барда,

Сәл ертерек қамдансайшы жол барда.

 

Боздай беріп болдұм несін бозөкпө?

Жолұң неткен алыс еді сөз еткен...

Сен тек мені іздеп келші қажет деп,

Мен де сені мадақтайын өжөт деп.

 

Ақымақтық ақылыңнан озбасын...

 

Ақылдырақ болуұм да мүлдө ауұр,

Ақымақтау болуұм да мүлдө ауұр.

Сөздөрүңнен үмүт шамын көп жағып,

Жанарымда жарқырайды бір дәуүр.

 

Салған әнін сағынышпен созғасын,

Мәжінүндей мұңға толы әз басым.

Тым болмаса салып жібер күртеңді,

Иісімен татулассын көз жасым.

 

***

Асыққанымды білем...

Табанымның тиген-тимегенін жер де сезбепті,

Мен де сезбеппін.

Ал сен білесің – 

Асыққаным едің.

 

Қуанғанымды білем...

Көңүлүмдегі жарқылды күн де көрмөпті,

Мен де білмеппін.

Ал сен білдің.

Асыққаным едің.

 

Ұмтұлғанымды білем,,,

Белін кесіп өткөнүмді жол да білмепті,

Мен де көрмөппін.

Ал сен көрдүң ғой,

Асыққаным менің!

 

Қонғанымды білем...

Одан кейін иығыңа күлтөленіңп төгүлермін деп ем,

Сабақтарым бас тартып жон арқаңда өрүлермін деп ем,

Айналаға ақымақ боп көрүнермін деп ем,

Уақыт тоқтап қалды...

 

Одан бері сол сәт бүкүл әлем үшүн тоқтап тұр,

Қолұң созсаң күйдүрердей

Бар ыстығын сақтап тұр.

Ең қызығы – 

Мен әлі саған қарай асығып келем,

Асыққаным менің!

 

***

Күнүм,

Бейтарап уақыттан бергі ойларымды айтсам,

Арманымды айтсам аңдашы.

Жолдарымды айтсам жоғұмдай болған,

Шамдарымды айтсам жағылмай қалған

Бейтарап уақыттай болмашы.

 

Ақылымды алып өзүңе берсем,

Ақымақтығым деп еркелет.

 

Құласын қалған көңүлдей жадау,

Мүжүлсем берме өзүме ол.

Емініп барып егілмей қалған,

Есерсоқтау сәл кезім ол.

 

Енді өзүңмін мен, 

Оң көзүңмін мен!

Сол көзүңмін мен!

Ерініңмін мен өртөнген.

Еркелеп келіп ертегімді айтам,

Желкенін жұлдұз көмкөрген;

Ертеңімді айтам өзүңмен өтөр...

Көктөміңді айтам көзүңде бөккөн;

Сөзүмде бөккөн төкпө нұрдұ айтам.

 

Ақылымды алып өзүңе берсем,

Ақымақтығым деп еркелет.

Ақымағым деп еркелет.

Жапырағым деп еркелет.

Содан соң саулап төбөңнен нұр боп,

Сөгүле қоям күлтөлеп.

 

Өзүңе деген ізгі нұрмен, қадірменді Айдана Қайсарбекқызы!

 

Айдана Қайсарбекқызы – ақын, жазушы, аудармашы. Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі. «Е. Раушанов атындағы әдеби сыйлықтың» иегері. «Құр-Ман» және «Құс-Ман» кітаптарының авторы. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan