Алтынғадыс Күнтуғанұлы: Бөрі
Ұлумен желпіп көкжиектің күлгін етегін,
Үнімді сілтеп ғарышқа, ғажап күйге енем.
Қасқыр емеспін қанменен қорек ететін,
Көк бөрімін, көк аспан астын билеген.
Ұлумен желпіп көкжиектің күлгін етегін,
Үнімді сілтеп ғарышқа, ғажап күйге енем.
Қасқыр емеспін қанменен қорек ететін,
Көк бөрімін, көк аспан астын билеген.
Бауырыма алып таудың самал-еркесін.
Түзде атады таңдарым....
Табанымменен тіреп тұрамын жер төсін.
Тұмсығымменен көтеріп көктің салмағын.
Уақыт басына айдаһар қонып азулы,
Қанымды сорды ғасырлар...
Ұлы даланың балбалдарына жазулы,
“Бөріге бөрі шаппайды” деген нақыл бар.
