Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
Ерлан Жүніс: Алуан көктем...

17.02.2017 9898

Ерлан Жүніс: Алуан көктем

Ерлан Жүніс: Алуан көктем - adebiportal.kz

Көктемді сағындым. Ол да бізді сағынған шығар. Көктем жайлы алуан бояулы түс көреміз.

Сағынған көктем күніне елу шақырым жылдамдықпен ұшады. Қарлығаштар да. Көктем құстары келген күні көктемнің де келетіні содан. Сан алуан түсті көктем бояулары құстардың қанатынан шашылатындай. Сол бояуларды бәріміз көреміз. Бірақ, ақындар ғана жырлайды. Әр ақын көктемді әр түсте сезінеді. Түс алуандығы – көңіл-күй ауаны. Сол сәттегі.


1a074e43815bc81251055908b60ed04c.jpg



Француз ақындарынан «күлгін көктем» деген тіркесті жолықтырғанда,  көз алдыма фиалка гүлін қолына алып тұрған ақын бейнесі келді. Жерар де Нерваль бір өлеңінде «көктем қыздың жейдесін қызғылтым» дейді. Сол бір жолдан қызғалдақ басқан Елисей даласы мұнартады.

Ал символизм бағытының таңғажайып шебері, кеше Мағжан жыр арнаған Александр Блок та өзінің Петербордағы үйінің терезесінен қарап тұрып, қызғылт көктемді көреді. Оның көктемінің қызғылттығы да сол – кәнігі символистерге тән мәнер – түсті ойнатуында:

...Весна ли за окнами - розовая, сонная?
Или это Ясная мне улыбается?
Или только мое сердце влюбленное?
Или только кажется? Или все узнается?..

Қыз жүзіндегі алқызыл шырай, аяулысын асыға күтіп, алқына соққан жүректің түсі – ақын көріп тұрған көктемді алқызыл реңкке бояп жібермей ме?

Ал Пушкин көктемі – қып-қызыл:

...Только что на проталинах весенних,
Показались ранние цветочки,
Как из чудного царства воскового,
Из душистой келейки медовой
Вылетала первая пчелка,
Полетела по ранним цветочкам
О красной весне поразведать!..

Пушкин бұл өлеңінде көктемді қызыл гүлдерден шаттана нәр жиған бал арасының көзімен береді. Бал арасы үшін көктем деген – гүлдер. Ал ақын үшін дүниеге тіршілік көзімен қарап, жан-жәндіктің сезінген сезіне алғаннан артық не бар?!

Ақ көктем мен қара көктем жайлы естуіңіз бар ма? Көктем қалай аппақ я қап-қара болуы мүмкін? Белла Ахмадуллина өзінің «Нашар көктем» өлеңінде кейіпкердің жан азабын, рухани күйзелуін суреттей келе:

...Затем свечу зажгу, перо возьму,
судьбе моей воздам благодаренье,
припомню эту белую весну
и напишу о ней стихотворенье, - дейді.

 Ақ көктем – кешіккен көктем, кетпеген қар.

«Қара көктем» ұғымының шығу тарихы тіптен қызық. Юрий Домбровский «Көненің шырақшысы» романының басында өзінің Алматыға келуін, «әлемнің бірде-бір қаласына ұқсамайтын» ғажайып табиғат пен сәулет өнерінің ұштасуын суреттей келе, «мен қара көктемді көрдім» («Я увидел черную весну») дейді. Алматы көктемі қара болушы ма еді? Домбровский бұл жерде, музейде сақталған архитектор Зенковтың  ақ-қара суреттеріндегі Алматы көктемін айтып отыр. 1960-шы жылдың күзіндегі Алматы мен ғасыр басындағы Алматы суреттері.

Күз демекші, ақындардың көруінде күз ғана – алтын, қоңыр, сары түсті емес, көктем де сол түстермен көріне береді. Мысалы, Сергей Есенин Иеремей пайғамбарға арнаған «Инония» өлеңінде:

...Новый он сбросит жителям
Крыл колосистых звон.
И, как жерди златые, вытянет
Солнце лучи на дол.
Новые вырастут сосны
На ладонях твоих полей.
И, как белки, желтые весны
Будут прыгать по сучьям дней, -деп, көктемді – жер бетіне түскен алтын шапақты күннің сары-жалқын сәулесімен бейнелейді.

 Есенинше айтсақ, көктем – күннің сәулесі. Ал, кешке қарай, күн көкжиектен асқанда, ай сәулесімен көктем қайта жасыл түске енеді:

...Тихо струится река серебристая
В царстве вечернем зеленой весны.
Солнце садится за горы лесистые.
Рог золотой выплывает луны... 

(«Көктем кеші». Есенин).


Көктемді алтын түсті деп жүрген – Некрасов пен Жуковский.

Опять украшены весной Луга,
пригорки, долы;
И счастья полны селы;
Не зрит лишь он златой весны:
Его померкли взоры... 

(«Ұйқыдағы он екі ару». В. Жуковский)


...Но люблю я, весна золотая,
Твой сплошной, чудно-смешанный шум;
Ты ликуешь, на миг не смолкая,
Как дитя, без заботы и дум... 


(«Қайғыдан жүрек қарс айырылып». Н. Некрасов).


Екі өлеңде де ақындар нақты көктем түсін емес, алтындай қымбат аяулы сипатын жырлап отыр.

Көгілдір ақық түсін ерекше жақсы көретін Андрей Белый «Алғашқы кездесу» өлеңінде (кішігірім поэма) «маусымның да сырғасы – ақық», «ғашықтардың көзі де – ақық», «көктем де – көгілдір ақық» деп жырлайды:

Глаза - в глаза!.. Бирюзовеет...
Меж глаз - меж нас - я воскрешен;
И вестью первою провеет:
Не - ты, не - я!.. Но - мы: но - Он!
А ум насмешливый, как леший,
Ведет по плоскости иной:
Мы чешем розовые плеши
Под бирюзовою весной; 

- Ғашық адамға бүкіл жер шарының өзі бір түйір көгілдір ақық тасқа айналып кеткендей.

Енді Андрей Белыйдың досы, Блоктың туысқан бауыры Сергей Соловьев үшін көктем, оның жырлап отырған көктемі – жыраққа кетіп, талай жылдан соң туған өлкеге оралған, бозбала күнгі ғашығын, өткен күндерін есіне алған ақынның «мұңды көк» көктемі:


Я блуждал в лесу родимом,
Где звенела тишина;
Где зеленым сладким дымом
Разливалась по полянам
Грустно-синяя весна.


Ал Көктебелден (Қырым) шыққан ақын Максимилиан Волошин үшін, Көктебелден кетіп, Мәскеу барып, әлгі суретші әйелге ғашық болып Петербор көшіп, сол аралықта тағы басқа махаббат шырмауына түсіп, секундант ретінде Алексей Толстойды сайлап, Николай Гумилевпен дуэльге түсіп жүрген бұлғақты кезеңде, өмірдің де өңсіз-сөлсіз көрінуі, көктемнің де боп-боз, сұп-сұр бейнеде келуі де таң қалаарлық жағдай емес. Міне, сол көктемі:

И сквозь дымчатые щели,
Потускневшего окна.
Бледно пишет акварели,
Эта бледная весна...

Волошин тағы бір естелігінде:

«...Холодная серая весна. Вчера собирал свои воспоминания о первом годе в Феодосийской  гимназии» деп жазады. Сұр көктем, сүреңсіз естеліктер...

Кешегі француз поэзиясының авангардтары секілді, «өлеңде әуелі – әуен болуы керек» дейтін Константин Бальмонт үшін көтем – «мақпал көктем», «таң шапағындай алқызыл шуақты көтем». Ол үшін «Колибри» атты өлеңінде:

Колибри, птичка-мушка, бесстрашная, хоть малая,
Которой властью Солнца наряд цветистый дан,
Рубиновая фея, лазурная, и алая,
Сманила смелых бросить родимый их Ацтлан.
Веселым пышным утром, когда Весна багряная
Растит цветы, как солнца, как луны, меж ветвей,
Летунья щебетнула: «Тиуй, тиуй,» — румяная,
Как бы цветочно-пьяная, — «Тиуй, — идем, скорей!» - деп, жырлайды.

Василий Шукшиннің: «И пришла весна; добрая и бестолковая, как недозрелая девка» дегеніндей, әркімнің өз ессіз көктемі бар. Оны өзінше жырлау – шын ақындардың үлесі. Көктемді көк немесе жасыл түсте қарапайым адамдар да, тіпті фотоаппарат та көре алады.  

Көктем келе жатыр ғой, күніне – елу шақырым жылдамдықпен, басқаша жырлап көрейік – қазақ ақындарының көктемін!



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар