КЕРБҰҒЫ
Қарсы ала алмайтын ертеңгі таңды
Түндегі отпен тұлданған өшті ол бірге.
Келмеске маңды –
Европадай ұрланған.
Фәниде пенде өзегін бір жылт
мекендер,
Сөнер – сен сөнсең,
Сарғалдақ депті ол сағынышты жұрт,
Сағыныш түссіз, сенсең сен!
Түсіне еніп, тіліне тамған
Уды бал ету – кәсібі.
Мүйіздерінде шырақтар жанған
Бұғыдай әулие, әсілі.
Сол жанды неге түсімде көрдім,
Сіздегі торға қамалған...
Босатып қайта, бостандық бергін,
Сағындық Оны, я, Аллам!
Маралтай Райымбекұлы
Сурет авторы: Маралтай Райымбекұлы
