Әлемдік әдеби үрдіс
(Әлемдік әдеби пікірталас)
Жақында Би-Би-Си жаңалықтарының ішінде бір мақала жарық көрді. Тақырыбы - «Неге француз кітаптары шет елдерге сатылмайды?» Бұл сұрақ менің ағылшын тілді емес авторлардың жағдайы туралы ойлануыма себеп болды. Сөйтіп өзім әлі білмейтін көптеген шығармалармен таныса бастадым.
Би-Би -Си-дегі мақала ішінде:
«Француз авторларының көбі әдетте ағылшын тілді әдеби әлемнің ішінде аталады, мысалы, Вольтер, Гюстав Флобер, Марсель Пруст, Александр Дюма бар. Бірақ бұл үрдіс соғыстан кейінгі әдебиетке келгенде тағы өзгеріп сала береді. Оқырмандар тек өздері сүйетін жалғыз француз авторын тауып алады да, басқаларына назар аудармайды.
Француз халқы бірден-бір әдеби мәдениеті биік деңгейде қалыптасқан ел. Солай болып қала да береді. Бірақ неге олардың кітаптары ағылшын тілді әлемде сатылым жағынан ақсап тұр?»
Франция әдебиетінің тарихы ең бай ел ретінде жақсы мысал бола алады және қазіргі заманның әдеби тұңғиығына терең бойлай білген авторларды да мен ерекше атап өте аламын. Бірақ мені америкалықтардың әдебиет әлеміндегі ең негізгі есімдер деп аталатын авторларды білмеуі таңғалдырады. Мо Янь, Марио Варгас Льоса, Четан Бхагат, бұлар кімдер? Бұлар әдебиет саласында өте көп сыйлықтарға ие болған, шын мәніндегі қарымды қаламгерлер. Бірақ біз неге олардың есімдерін білмейміз? Олардың еңбектері қалай оқылмай қалуы мүмкін?
Ұлыбританя, АҚШ, Канада авторлары кітап нарығы мен кітапханалардың, бітпейтін бестселлер тізімдерінің монополиясына айналды. Әлемдік үздік баспалардың оларды қатты бағалайтыны және есепсіз шығаратыны да анық. Би-Би-Си мақаласынан тағы үзінді:
«Англо-Саксон агенттігінің француз кітап нарығының тағдырына елеусіз қарап отырғандарына қатты күйінемін.» - дейді, Кристофу Оно-ди-Био.
Кристофу Оно-ди-Био Француз Академиясының «Ең үздік роман» әдеби жүлдесін жеңіп алды. Қазір оның бес кітабы бар, бірақ ол ешқандай Британиялық не Американдық әдеби ортаның ескеруіне ілінбеді.
Мен өзімді әдебиетке әбден ойы кеткен "қомағай" оқырманмын деп есептеймін. Ия, мен ағылшынмын, мен блогта кітаптарымды жариялап отырамын, өзімді Бруклиндық халықтық кітапхананың шын жанашырымын деп есептеймін. Және менің әдебиетті сүйетін туыстарым мен достарым өте көп. Бірақ қалайда болмасын, менің ойымша, бізге ағылшын тілді емес авторлар жетіспейді.
Бұл жердегі ерекшелік, меніңше, америкалықтарда әдебиет саласында байыту және бағалау секторында біраз нәрселер әлі жетілмеген сияқты. Бұл жерде тағы екі жол тұр, біріншісі, америкалықтардың көбі әлем әдебиетін көп оқымайды. Ал, бірақ, екіншіден, халқаралық әдеби аудиториялар американдық авторлардың туындыларының сапасы мен табиғилығына аса күдікпен қарайтындары байқалады. 2008 жылы Швеция академиясының тұрақты хатшысы Horace Engdahl баспасөз конференциясында былай деді, «АҚШ оқшауланған және тұйық, олар аударма мәселесіне жеткілікті түрде мән бермейді және үлкен әдеби диалогтарға қатыспайды, бұл елемеушілік олардың өздеріне үлкен тиым, кедергі салып қойғандай.»
Әрине, бұл жаңа қалыптасқан түсінік емес екенін білемін, бұл үрдіс ХХ ғасырдағы Нобель сыйлығының берілуі дәстүрінен басталады.
New Yorker жақында бұл тақырып жайында біраз ойлар айтты.
«Америкалық баспалар өз кітаптарын басқа тілге өте аз мөлшерде аударады. Жыл сайын тек үш пайыздық көрсеткіш мөлшерінде ғана аударма жасалады. Алты миллион Америкалық ағылшын тілінен гөрі өздерінің ана тілінде сөйлегенді жөн көреді, сондықтан да Америка әлі мономәдениетті, монотілді деген қағидадан алыс жатыр».
Сонымен, біз не істеуіміз керек? Бұл жерде сұрақтарға әртүрлі жауап беруге болар еді, бірақ менің ойымша, мені қызықтыратын бір ғана нәрсе бар. Ол басқа халықтардың өмірі. Егер мен өзімді жазушы ретінде айтсам, мысалы, мен біреумен кездесем, оның қызығушылығы, кәсібі, өмір стилі сияқты күнделікті жалықтыратын сұрақтар басталады. Бірақ сен бұндай бос уақытыңды қалай өткізуің керек, мен саяхаттар едім. Көрші халықтардың мифы мен аңыз әңгімелерін жақсы көремін. Мен басқалардың қандай үйде тұрып, не жейтіндері туралы көргім келеді. Олардың отбасылық қарым қатынастары қандай, олар теледидар көре ме?
Әдебиет мені өзім білмейтін әлемде өмір сүріп жатқан тағы бір адам баласымен таныстырады. Бұл мүмкін орталық батыс, не грек тіпті индиялық өмірді бейнелейтін қысқа әңгімелер болсын, дәстүрлі басқа мәдениеттерге назар аудару керек деп ойлаймын. Маған телевидение немесе Голливуд беріп жатқан нәрселермен бұларды айырбастай алмас едім. Мен қашанда дәстүрлі, халықтық түсінікке құрылған кітаптар іздеймін. Мен Хобард ауыл кітапханасына барғанда Imre Kertész есімді әдеби жүлдегер, халқаралық жазушымен таныстым. Және бұл автордың Нобель сыйлығының иегері екенін кейін білдім.
Сен қандай әлемдік деңгейдегі авторлардан шабыт аласың?
Авторы: Мэри (Written by Mary)
«Wondering Reader books.Travel.Fun» сайтынан алынды.
Аударған: Мерей Қосын
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.