Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ҰМЫТПАҢДАР МЕНІ
Сәбит Досанов өмірден озды...

31.03.2024 1129

Сәбит Досанов өмірден озды 12+

Сәбит Досанов өмірден озды - adebiportal.kz

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Ресей педагогика және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Сәбит Досанов өмірден озды. 

84 жасына қараған шағында өмірден өткен жазушы саналы ғұмырын қазақ әдебиетінің дамуына, өркендеуіне арнады. Тынымсыз еңбек етіп, артына мол рухани мұра қалдырды. Өткен ғасырдың тоғысында жарық көрген «Жиырмасыншы ғасыр» романы оның сүбелі туындыларының бірі. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» атты кітаптары елдің сүйіп оқыған туындыларының бір парасы. «Дауыл», «Ертең бюро» атты драмалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында, Атырау, Жезқазған, Семей, Тараз, Бішкек қалалары сахналарында қойылып, көрерменнің зор ықыласына бөленген шығармалар болды. 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көрнекті қаламгер Сәбит Досановтың отбасына, жақын туыстары мен қалың оқырмандарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Президенттің жеделхатында: «Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады. Көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланды. Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған.

Сәбит Досанов – 1940 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған. 1985–1989 жж. КСРО әдебиет қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, 1991–1995 жж Республикалық Халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының Бас директоры, 1996–1997 жж. мемлекеттік «Қайнар» баспасының Бас редакторы болып істеді. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында ұстаздық қызмет атқарған. Африкадағы Дүнду, Қазақстандағы Қостанай қалаларының, Ақсуат, Аманкелді аудандарының құрметті азаматы. 

Шығармалары: 

Қайырлы таң. Очерктер мен әңгімелер жинағы. «Қазақстан»,1966; 

Соны іздер. Монография. А., «Жазушы», 1970; 

Қыран қалғымайды. Повестер жинағы. А., «Жазушы», 1971; 

Тау жолы. Роман. А., «Жазушы», 1978; 

Екінші өмір. Роман. А., «Жазушы», 1981; 

Қазына. Монография. А., «Жазушы», 1984; 

Жүректің отын сөндірме. Монография. А., «Өнер», 1998; 

Горная дорога. Роман. М., «Советский писатель», 1981; 

Адаспаңдар, адамдар. Деректі проза. А., «Дәуір», 1999; 

Жиырмасыншы ғасыр. Роман. А., «Санат», 1998; 

Белая аруана. Повесть. «Стилистика», 1998; 

Жиырмасыншы ғасыр. Роман. А., «Санат». 1998; 

Вторая жизнь. Роман, повесть. М., «Советкий писатель», 2001; 

Аптаның сегізінші күні. Роман, повесть, пьеса. А., «Елорда», 2003; 

Двадцатый век. Роман. М., «Советский писатель», 2003; 

Қылбұрау. Роман. А., «Атамұра», 2003;


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар