«Ұлт оқитын 100 кітап» жобасының бұл шығарылымы қазақ әдебиеттегі ғасырдан ғасырға сөз болып жеткен тарихи романдар мен әңгімелерге арналады.
Онда он қаламгерлердің бірі мен бірі мазмұндас, идея жағынан жақын, тарихи тақырыптары қамтылды.
Бұл жөнінде әдебиеттанушы, жас ғалым Елдос Тоқтарбай «Әдебиет порталының» YouTube арнасындағы «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасында осы тақырыптарды барынша сөз етті.
Жиырманшы ғасырдың басындағы әдебиеттегі ең жетекші рөлге ие болған жанрдың бірі роман жанры екендігі сөзсіз. Мұны айырықша айтып отырғанымыз, ер мен елдің есімі қашанда пар айтылады ғой. Бұлай болуының өзіндік себептері де болды. Кешегі 1986 жылы қанды алаңда «ақырып теңдік сұраған» қазақ жастарының ар жағында өзге де ерлік жорықтарын жіпке тізбегенде Ілияс Есенберлиннің «Қаһары» мен Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» шығармалары әлгі өрімдей жастарға өз әсерін тигізбеді деп ешкімде айта алмайды. Қазақты алаңға алып шыққан да осы әдебиеттегі тарихи жады десек әсіре айтқандығымыз емес.
Осы тақырыпты сөз еткен бағдарламаға қатысушы қонақтың бірі әдебиеттанушы Ләйлә Мұсалы былай дейді.
Кезінде біздің жазушылар тарихи тақырыпқа көп барды. Оның басты себебі көбіміз ұмытып қалған тарихи жадыны ояту болды. Әрине бұл бастама өз кезеңінде нәтижесін еселеп берді. Осы жерде мына дүниені айырықша айта кеткім келеді. Қай жазушының болсын романдары тарихи шындық емес. Ол көркем туынды. Ал көркем туынды да тарихи дәлдік пен факты атымен болмайды. Сондықтан жазушыға тарихшы деп қарауға әсте болмайды. Кәсіби тарих тек дерекке ғана сүйенеді. Біз көп жағынанан осы тарихи шындық пен көкем шындықты шатастырып алып жатамыз. Тарихи дерекке романдағы сюжетті мүлде қолдануға болмайды.
Бағдарламадағы он кітапты кәсіби тұрғыда сөз етіп талқылаған тағы бір қонақтың бірі, кітапханашы Қанат Алтынбек былай деп пікір білдіреді.
Негізінде осы «100 кітап» жобасын жүзеге асыратын жердің бірі кітапхана ғой. Біз ең алғаш бұл сауалнаманы «Қазақстан кітапханашылары» өз арамызда ұйымдастырған едік. Сондағы біз ұсынған кітаптардың көбі осы тізімге енгенін көріп қатты қуандық. Бұл кітаптардың көбі мелекеттік тапсырыспен баспалардан бірнеше рет басылып шыққан еңбектер ғой. Осыдан-ақ оқырмандар үшін аталған туындылардың қаншалықты беделді болғанын бағамдауға болады. Әрине, қазақ әдебиетінің шекарасын осы жүз кітаппен ғана анықтап, шектей алмайтынымыз анық. Бұл бастамасы ғана. Қазақ әдебиетінде мұндай өресі биік қызықты кітаптар әлі де көп. Әлі де өз жалғасын табады деп есептеймін. Осы орайда мынадай бір жаңсақ пікірді жоққа шығарсам деймін. Қазір көп адамдар бүгінгі ұрпақ кітап оқымайды деп жатады. Жалған сөз. Жастар кітапты ерекше қызығып оқиды. Мен кітапхана маманы ретінде бұл жайға сәт сайын көз жеткізіп отырмын десем еш артық айтқандығым емес. Кітапқа құмартушы жастар легі сағат сайын артып келеді... Бұл адам қуанарлық дүние ғой...
Міне, осындай тосын ойлар мен тың идеяларды «Әдебиет порталының» YouTube арнасындағы «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасынан көрулеріңізе болады.
