Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ш
Шәкерім Құдайбердіұлы

Шәкерім Құдайбердіұлы

Шәкерім Құдайбердіұлы (1858-1931). Шәкерім Құдайбердіұлы ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер. Ол бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бөктерінде 1858 жылы, 24 шілдеде дүниеге келген. Әкесі - Абайдың ағасы - Құдайберді қайтыс болған соң, Абайдың тәрбиесінде болады. Жеті жасынан өлеңге қабілеттілігін танытады. Өз бетімен араб, парсы, түрік, орыс тілдерін игеріп, шығыс, орыс классиктерінің шығармаларынан нәр алады. Әртүрлі өнер түрлерін игереді. Жиырмадан асқанда ел басқару ісіне араласады. Абай қайтыс болған соң, ақын аға өсиетімен 1905-1906 жылдары қажылық сапармен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралайды. Әлем кітапханаларында білім қазыналарымен танысады. Дін мен философия, ғылым салаларын игереді. 1908 жылдан бастап елден шет кетіп, таза шығармашылық жұмыспен шұғылданады. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі, Мұсылмандық шарты кітабы 1911 жылы Орынборда, Қазақ айнасы өлеңдер жинағы, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек поэмалары 1912 жылы Семейде басылып шығады. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н. Толстоймен хат алысып, өзін оның шәкірті санайды. 1931 жылы бандылармен байланысты деген жалған айыптаумен кеңес қарулы топ мүшелерінің қолынан атып өлтіріледі. 1988 жылы ақын аты ақталды. Ш. Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих, трактат саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық, гуманистік-халықтық бағыт ұстады.
 
 
 

Көп оқылғандар