Кемел Тоқаев
Кемел Тоқаев (1923—1986)
1923 жылы 2 қазанда Алматы облысының Қаратал ауданында туған.
Ұлы Отан соғысының ардагері. 1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты қызметтер атқарған.
1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ведомостарының» бас редакторы боп істеген, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған.
Кеңес чекистері тақырыбына арналған оннан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі жариялаған әдеби бәйгелерде бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат атанды (1956, 1972, 1977, 1980). «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?» және «Сиқырлы сырлар» деп аталатын пьесалардың да авторы.
Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен және басқа көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен және омырауға тағатын арнаулы белгісімен марапатталған.
1986 жылы өмірден өткен.
Шығармалары:
Жұлдызды жорық. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1954; Қыс қарлығашы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1958; Болашақ туралы ойлар. Повестер мен әңгімелер. А., «Қазақстан», 1955, 1958, 1972, 1975; Түнде атылған оқ. Повестер. А., «Жазушы»; «Қазақстан», 1971—1972, 1976; Қастандық. Повесть. «Жазушы»; «Қазақстан», 1971, 1972, 1975, 1976; Арнаулы тапсырма. Повесть. А., «Жазушы»; «Қазақстан»; 1965, 1968, 1976; Сарғабанда болған оқиға. Повесть. А., «Жазушы», 1975; Таңбалы алтын. Повесть. А., «Қазақстан», 1977; Соңғы соққы. Роман. А., «Жазушы», 1981; Солдат алысқа кетті. Роман. А., «Жазушы», 1983; Ұясынан безген құс. Роман. А., «Жазушы», 1983.
Көп оқылғандар
24.06.2026
2139
25.06.2026
1688
24.06.2026
1592
23.06.2026
1525
25.06.2026
1431
25.06.2026
1348
23.06.2026
960
25.06.2026
914
24.06.2026
914
24.06.2026
878
24.06.2026
724
25.06.2026
548
23.06.2026
530
08.06.2026
9251
12.06.2026
5894
05.06.2026
5831
06.06.2026
4293
10.06.2026
4167
05.06.2026
3802
22.06.2026
2393
05.06.2026
2230
16.06.2026
2197
24.06.2026
2139
14.06.2026
2058
10.06.2026
2014
15.06.2026
1962
09.06.2026
1903
