Құбығұл Жарықбаев
Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы - 1929 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 1946 жылы Ақтөбе мұғалімдер институтын және 1951 жылы ҚазМУ-ды бітірген. 1951- 1958 жылдар аралығында Қызылорда педагогикалық институтында ассистент, 1958-1977 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1977-1987 жылдары ҚазМУ- де доцент, кафедра меңгерушісі болды. 1987 жылдан ҚазҰУ-де профессор, 1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандагы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Ол Алаш қайраткерлерінің психологиялық және педагогикалық мұралары жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жазған.
Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандағы психология және педагогика ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Оның еңбектерінде қазақ халқының сан ғасырлық психология ұғым-түсініктері жан-жақты талданған.
Шығармалары:
- Краткий библиографический указатель по психологии (1917 — 1967), А.-А., 1967;
- Развитие психологической мысли в Казахстане, А.-А., 1968;
- Тұрмыс және денсаулық, А., 1970; Әдеп және жантану, А., 1996;
- Қазақ психологиясының тарихы, А., 1996; Этнопсихология, А., 1998;
- Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары, А., 2000.
Көп оқылғандар
04.11.2026
2905
03.11.2026
2289
01.11.2026
1740
03.11.2026
1175
02.11.2026
1102
03.11.2026
947
31.10.2026
941
03.11.2026
926
30.10.2026
907
31.10.2026
793
03.11.2026
791
30.10.2026
768
03.11.2026
767
02.11.2026
611
21.10.2026
4523
22.10.2026
4352
28.10.2026
4267
07.10.2026
3676
20.10.2026
3474
15.10.2026
3271
09.10.2026
3184
28.10.2026
3112
20.10.2026
3034
04.11.2026
2905
16.10.2026
2642
09.10.2026
2424
03.11.2026
2289
08.10.2026
2206
