Нұржан КӘПҚЫЗЫ
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Аюды тышқан теуіп өлтіріпті.
***
Мысықтардың басына,
Қауын, қарбыз өсіпті.
Мұндай мол өнімді,
Қыстай жейміз десіпті.
***
Тауық суда жүзіпті,
Көріпті судан,
Алтын жүзікті.
Сол жүзікті ала сап,
Судан балық сүзіпті.
***
Қайыққа міндім де,
Ғарышқа самғадым.
Айды ұстап алдым да,
Жұлдызды барладым.
***
Қоян аулап қасқырды,
Шегірткені ат қылды.
***
Айға ұшып арыстан,
Қалмай жүр жарыстан.
***
Шыбын ұшып ақпанда,
Би билеп жүр ақ қарда.
***
Жолбарыс мініп торғайға,
Жер шарын шарлайды.
***
Піл мен тышқан алысты,
Жүгірісті, жарысты.
Піл қалыпты қалжырап,
Жеңілгеннен абдырап,
Кетті ұйқыға маужырап.
***
Гүлдерден торт жасадым,
Тойғанымша асадым.
Айдан қуырдақ қуырып,
Жұлдыздан шай қайнаттым.
***
Инелік билеп, ән салған,
Аңдар оған тамсанған.
Құстар күліп, қарсы алған.
***
Қасқыр тоқып өрмекті,
Салып түрлі өрнекті.
Таң қалыпты өрмекші,
Мұндай ғажап көрмепті.
***
Қарға қуып бүркітті,
Аң патшасын үркітті.
***
Тышқан қуып қасқырды,
Байғұсты әбден састырды.
Он екі ай тамақ ішпестен,
Қасқыр байғұс аш жүрді.
