Көпен ӘМІРБЕК
***
Үш-төрт бала бір-бірін
Келекеледі біртүрлі.
«Кімге кім күлді?» деп,
Бір-біріне ұмтылды.
Басы піспес баланы
Етеді ме жұрт үлгі?
***
Ат жемейтін
Ащы шөптің
Шыққанынан
Шықпағаны жақсы ма?
Шықпағанынан
Шыққаны жақсы ма?
***
«Әжеме керек көзілдірік!»
Деп ойладым өзім біліп.
Көзілдірікке қоса
Қажетті
Газетті әкеп,
Әжемді мәз еттім.
***
Қаңбақ
Жаңғаққа ұқсамайды.
Жаңғақ
Қаңбаққа ұқсамайды.
Қаңбағың – қаңғалақ,
Жаңғағың – жаңғалақ.
Қаңбағыңда мән жоқ,
Жаңғағыңдай дән жоқ.
***
Домбай мен Омбай
Дойбы ойнады.
Омбай оңбай ұтылып,
Ойбайлады.
Ойбайлаған Омбайға
Домбай қой-қойлады.
***
Аңғал-саңғал
Шоңқорамыз қаңырап тұр.
Қоңы кетіп, тоңғасын,
Қоңыр қозым маңырап тұр.
