Жақан СМАҚОВ
КҮЙЕ
Күйе-күйе, күйе ме?
Күйеге қолым күйе ме?
Күйеге қолым күймейді,
Ұстасам, апам сүймейді.
***
Қамаштан көріп қалашты.
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең қалаш тең,
Таласпа Жарас Қамашпен.
***
Тайым тағаланылмаса,
Тағаланылмасын.
Тоғайбайға айт,
Тағаны алып,
Тағадан таға жасап,
Торы тайын
Тағалатып алсын!
* * *
Қайыптың аяғы қайықтан
тайып па?
Сол да Қайыпқа айып па!
* * *
Қоғабай қомағай ма,
Қомағай Қоғабай ма?
Қоғабай да қомағай –
Қомағай да Қоғабай.
