Жақан СМАҚОВ
* * *
Әй Тастайсал, Тастайсал,
Өлеңінде бастай сал!
Бастамасаң, Тастайсал,
Бізге қарай тастай сал!
* * *
Әппақ қақпақ әппақ па,
Сатпақ қақпақ әппақ па?
Әппақ қақпақ әппақ та,
Сатпақ қақпақ сатпақ та!
* * *
Қара майын қарағайдың,
Қаламаймын, жаламаймын.
Қолы қатты қара ағайдың,
Қасына енді жоламаймын!
* * *
Ақ шар бар,
Көк шар бар,
Көп шар бар,
Бес шар бар.
* * *
Ықылық қалды тұтылып,
Түйілдім қатты тұтығып.
Ықылық қалды тұтылып,
Сытылып шықтым, құтылып.
* * *
Жалтылдаған жалтырға шығып,
Жалп ете түстім жалтарып.
Жағада жатыр ек,
Жақыпбек жақын кеп:
«Жаңылды шақыр деп
Жатыр» , – деп,
Жомартты нұсқады.
Кім барды,
Кім қалды?!
