Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Мұқан
Рейтинг:
     М.Әуезовтың "Кінәмшіл бойжеткен" әңгімесінің кейіпкері 

«Мұқан» - Ғайшаның екі досы болды, соның біреуі жасы 35 шамасына келген, үлкен оқыған жігіт еді. Мұнымен Ғайшаның жүрісі жарты жылға созылған ұзақ жүріс болды. Бұлар біріне-бірі түбегейлі жақындықпен қосылмақшы да болды. Бірақ ол үлкен оқыған деген аты ғана болмаса, өлгенше өнерсіз, жабайы көптің бірі. Оның үстіне, қызғаншақтық сияқты неше түрлі дертті әдеттері бар. Мұқан мен Ғайша бірталай уақыт бірі алып, бірі тиетін кісі сияқты болып барып, аяғында, болымсыздан ашуланысып ұрыс шығып, екі айрылып кетті. Бірақ бұл айрылысу жас қыздың абыройына елеусіз болып, әсер етпей текке кеткен жоқ. Мұқаннан айрылған күні гүбернелік қаланы Ғайшаның алғашқы жаманаты басып кетті.

Көп оқылғандар